Бүгінгі
таңда
Ж.Баласағұнидің
педагогикалық
идеяларына теориялық негіздеме беріп, оларды жүйелі
түрде
талдауға
А.К.Ахметова,
Т.Ә.Ахметов,
Қ.Б.Жарықбаев, С.Қалиев, А.Н.Кӛшербаева, К.Ж.Ибраева
зерттеулері арналған.
Ғұламаның бізге қалдырған асыл мұрасы – түркі тілінде
жазылған 13 мың жолдық «Құтты білік» дастаны. Бұл – сан
ғасырлар сынынан ӛтіп, ӛзінің
рухани баға жетпес
құндылығымен иесінің (авторының) есімін аспан кӛгіндегі
жарық жұлдыздай етіп, әлемдік мәдениеттің тарихына
мәңгілік етіп жазып қалдырған кӛне түркі ғылымының ұлы
ескерткіші, саясат, ӛнеге, тәрбие, еңбек жӛнінде толғанысқа
құрылған, тәрбиелік мәні мен маңызы зор, тұлғаның
қалыптасуы мен дамуын дәріптейтін
философиялық және
педагогикалық туынды. Ж.Баласағұнидің «Құтты білік»
дастаны бойынша жүргізілген зерттеулердің барлығында
оның бізге дейін сақталып келген үш нұсқасы бар екендігі
айтылады. Академик В.В.Бартольд «Тюрки: Двенадцать
лекции по истории турецких народов Средней Азии» атты
атақты еңбегінде «Құтты білік бізге үш қолжазба түрінде
жетті, біріншісі ұйғыр алфавитімен, 1439
жылы Гератта
жазылған, және екеуі араб алфавитімен жазылған, оның
біреуі –Египетте, екіншісі – Ферғанада табылған» - деп
жазады [5.Б.103]. Бұл туралы А.Н.Кононов [6], А.Егеубаев
[7], А.Н.Кӛшербаева [8], Т.Ә.Ахметов [9], Х.Сүйіншәлиев
[4], О.А.Тӛребаев [10], т.б. зерттеулерінде де айтылады
(Кесте 1).
«Құтты білік» дастаны бүгінде бірнеше әлем тілдеріне
аударылып, халықтың рухани игілігіне айналып отыр.
Алғашқы аударманы шығыстанушы ғалым Г.Вамбери неміс
тілінде жасады (1870 ж.). Академик В.В.Радлов
дастанның
толық аудармасын жасауға ӛзінің 20 жылдық ӛмірін арнады.
Ол 1890 жылы Вена нұсқасы бойынша жұмысты бастап,
1897 жылы басып шығаруға кіріскен уақытында, Каир
нұсқасы табылады да, жұмысты шамалы тоқтатуға тура
келеді. Сӛйтіп, 1900 жылы екі нұсқа бойынша неміс тілінде
дастанды
басып шығаруды бастап, оны толығымен 1910
жылы аяқтайды.
Кесте 1 – Ж.Баласағұнидің «Құтты білік» дастанының
түпнұсқаларына мазмұндық сипаттама
Достарыңызбен бөлісу: