Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Еуразия гуманитарлық институты


Тақырып 1. Кемеңгер ойшыл Ж.Баласағұнидің



Pdf көрінісі
бет3/51
Дата08.02.2022
өлшемі0,73 Mb.
#117315
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
Байланысты:
27 (1)

Тақырып 1. Кемеңгер ойшыл Ж.Баласағұнидің 
өмірі мен оның Отаны - Баласағұн
қаласы туралы
XI ғасырда ӛмір сүрген түркі данасы, ойшыл-ақын 
Жүсіп Баласағұнидің туған жылын зерттеуші ғалымдар 
шамамен 1015 жылы деп анықтайды. Мұны ғұламаның 
атын тарихта қалдырып, мәңгілік еткен «Құтты білікті» 
кӛне түркі тілінен аударып, алғы сӛзі мен түсініктерін 
жазған жазушы, түркітанушы ғалым А.Егеубаевтың 
мағлұматтары нақтылай түседі: «Қазір бүкіл шығыс 
зерттеуші ғалымдарының назарын күн санап ӛзіне аудара 
түскен «Құтадғу білік» 1069-1070 жылдары он сегіз айдың 
ішінде жазылған. Авторы: Жетісу ӛңірінің Шу ӛзенінің 
бойындағы тарихқа ықылым заманнан белгілі ірі 
шаһарлардың бірі Баласағұнда (Құзорда деп те аталған) 
туып, ӛскен Жүсіп Баласағұн. Жүсіп бұл қоғамдық-
әлеуметтік мәні терең, халықтың моральдық-этикалық 
бағдарламасы іспеттес еңбегін 54 жасында (Түркия ғалымы 
Рашид Рахмати Араттың жобалауы бойынша) жазған. 
Ежелгі Баласағұн қаласында бастап, Қашқарда аяқтап, 
Қараханидтер мемлекетінің сол кездегі әмірі Бұғра ханға 
тарту еткен. Хан оның еңбегін жоғары бағалап, «Хас 
Хажыб» деген атақ берген. Сӛйтіп, Жүсіп Хас Хажыб 
Баласағұн деген аты дүниеге тараған» [1. Б.6]. Дегенмен, 
кейбір ғалымдар ғұламаны 1018 жылы туды деп те 
болжайды. Мәселен, түріктің филолог ғалымы А.Дильачар: 
«Ж.Баласағұни біздің эрамыздың 1018 жылы шамасында 
туып, 1068 жылы Қашғарға аттанды да, сол жерде 18 айдың 
ішінде дастанды жазады және келесі - 1069 жылы оны 
«Шығыс пен Қытай патшасы» Табғаш Боғраханға немесе 
«хандардың Ханы табғаш-Қара-Боғра-ханға» әкеледі, толық 


ат-жӛні мен лауазымы: Табғаш-Боғра-Қара-хақан Әбу Әли 
Хасан, Сүлейменнің, Арслан-Қара-хақанның ұлы (біздің 
эрамыздың 1056-1103 жылдары билік құрған)» - деп жазады 
[2.Б.23].
Ж.Баласағұнидің туған жері Батыс Түрік қағанатының 
басты астанасы, саяси, экономикалық және рухани 
мәдениеттің орталығы ретінде аты әлемге әйгілі болған 
ортағасырлық ірі қала Баласағұн екендігі тарихтан белгілі. 
Қазақстандық белгілі тарихшы, этнолог және археолог-
ғалым У.Х.Шәлекеновтың жүргізген бірнеше жылдық 
қомақты зерттеуі бойынша бүгінде Баласағұн қаласы «бізге 
жердің қойнауына түгелімен енген археологиялық 
ескерткіш түрінде жеткен. Бұл қаланың орны Жамбыл 
облысының Шу ауданы, бұрынғы «Калинин» колхозының 
(қазіргі Баласағұн ауылының) жерінде, Алматы-Тараз тас 
жолының бойында. Ол Шарғау, Ақсу, Қарабалта және 
Тоқташ 
ӛзендерінің 
Шу 
ӛзеніне 
құятын 
тӛменгі 
ағыстарындағы тегістікке орналасқан» [3.Б.9]. Ғалымның 
пайымдауынша, Баласағұн қаласы V ғасырда пайда болып
ХІІІ ғасырдың басында қираған. Ол ӛзінің «V-ХІІІ 
ғасырлардағы Баласағұн қаласы» атты монографиясында 
Баласағұн қаласы туралы жазылған тарихи әдебиеттерді 
талдай отырып, оның тарих сахнасынан түсіп, аты да, 
орналасқан жері де бейтаныс болып қалуының себебі 
туралы мынадай тарихи дерек келтіреді: «1210 жылы 
Мұхаммед 
Хорезмшахпен 
Қарақытай 
(Қарақидан) 
мемлекетінің билеушісі Гурхан (астанасы Баласағұн) 
арасында Талас ӛзенінің жағасында, Тараз шаһарының 
қасында болған шайқаста, Хорезм билеушілігі жеңіске 
жетіп, Баласағұннан келген Гурхан жеңілген. Жеңіске 
жеткенмен Мұхаммед Хорезмшах Баласағұнға бармай
елдегі жағдайға байланысты Самарқандқа қайтып оралған. 


Бұл жағдайдан кейін Гурхан қалған әскерлерімен ӛзінің 
астанасы Баласағұнға жеткен. Бірақ қала тұрғындары 
мықты бекініп, Гурханды қалаға жібермеген. Билеуші ӛзінің 
тұрғындарымен 16 күн соғысып, ақырында, қаланың батыс 
дарбазасын сындырып, қаланың тұрғындарын қанға 
батырып, Баласағұнды үш күн ӛртеуге жендеттеріне бұйрық 
берген. Сол қырғынның нәтижесінде бас кӛтеретін қаланың 
азаматтарынан 47 мың адам ӛлтірілген және қала негізінен 
қираған. Тұрғындардың тірі қалғандары бас сауғалап жан-
жаққа босып кеткен. Баласағұн қаңырап бүлінген күйінде 
қайта тұрғызылмай қала берген. Арада бір жыл ӛтпей-ақ, 
1211 жылы Найманнан шыққан Кушлук (Кучлук) Гурханды 
тұтқынға алып, оның мемлекетін 1218 жылға дейін билеген. 
Осы жылы Баласағұнды Шыңғыс ханның қолбасшысы 
Жебе-ноян соғыссыз алып, оған «гобалық» (жақсы қала) 
деген ат берген. Соған қарағанда, монғолдар келгенде азып-
тозып, тек атын әлі жоймаған қала күйінде сақталса керек. 
Сӛйтіп, Баласағұн қаласы тарихи сахнадан түсіп, уақыттың 
ӛтуімен аты да, орналасқан жері де ХІV ғасырда белгісіз 
болып, кейін жергілікті тұрғындар шаһардың ортасында 
сақталып қалған биік тӛбенің атымен Ақтӛбе деп атап кете 
берген» [3.Б.53]. Сӛйтіп, Шу ӛзенінің сол жағасында 
орналасқан, тарихта ортағасырлық Ақтӛбе қаласы деген 
атпен белгілі ескерткішті терең зерттеу арқылы оның 
тарихи Баласағұн екендігі дәлелденді.
Ж.Баласағұнидің шыққан тегі және ортасы туралы 
Х.Сүйіншәлиевтің келтірген мынадай дерегі бар: «Жүсіптің 
әкесі де ӛнер иесі, күйші-музыкант екен. Ол да Қарахан 
мемлекетінің қожасы Боғраханға (толық аты Табғач Бұғра 
Қарахан Әбу-Әлі Хасан) қызмет еткен. Ел аңызының 
айтуынша, ол Боғраханның аталарының бірі Хұсайын 
дегенге арнап, «Дәрди Хұсайын» («Құсайынның дерті») 


деген күй шығарған белгілі қобызшы болыпты. Жүсіп осы 
талантты ӛнерпаз әкесінің тәлімін алып ӛскен. Жасынан 
зерделілігімен кӛзге түсіп, сарай қожаларының кӛңілін 
аударған. Шығыс Түркістан, Қашқар, Баласағұн, Жетісу 
ӛлкелерін билеп тұрған Боғрахан (1012 ж. ӛлген) Жүсіптен 
зор үмітті боп, оны баулыған. Жүсіп кезіндегі атақты білім 
ордаларында болып, кӛп тілдерді үйреніп, тез жетілген. 
Әділет жолын іздеп, алас ұрған жігерлі жас әдебиет пен 
ғылым салаларын жете меңгерген. Жүсіп ӛз кезінің білімді 
адамы саналған. Ол жасынан оқып, түркі тілдеріне қоса 
парсы, араб, қытай тілдерін жақсы білген. Сол кез 
әдебиетінен, 
тарихынан, 
астрономиясынан, 
геометриясынан, тағы басқа ғылымдарынан мағлұмат 
алған» [4. Б.86].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет