М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент


Әлемнің рухани-адамгершілік тәжірибесі



Pdf көрінісі
бет128/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

3 Әлемнің рухани-адамгершілік тәжірибесі: 
қазақ хандығы кезеңінің қалыптасуы (X
V
–X
VIII
 ғғ.)
123 
Деректерге қарағанда, біздің дәуірімізге дейінгі бірінші мың-
жылдықта өмір сүрген сақтар мен ғұндардың мәдениеті жоғары 
деңгейге жетіп, темір қорытып, қару-жарақ, сауыт-сайман жасау 
ісінде таңқаларлық дүниелер келтірді. Олардың төл жазуы, әдеби 
тілі болды. Десек те, сақ, ғұн тайпаларының ең асыл қазыналары 
болып саналатын рухани байлығы – ауыз әдебиеті толық күйінде 
емес, қысқа-қысқа үзінділері ғана сақталған. Олардың өзі аңызға 
айналған тарихи тұлғалар шеңберінде өрбиді. Сақтар мәдениетті 
басқа жұрттардан үйреніп қана қоймай, өздері де өзгелерге 
айтарлықтай өнеге көрсетеді. Сақ заманының мәдениеті, тарихы, 
аңыз-әфсаналары, наным-сенімдері, әскери құрылымы жөнінде 
жазылған С.И. Руденконың еңбегі көп жайды аңғартады [6, 177 б]. 
Сақ мәдениетінен нәр алған софист Леонтийдің қызы, импера-
тор Екінші Фиодосийдің жұбайы, грек жазушысы Элия Евдокия 
естелігінде былай деп жазады: «Мен Скифиядан құстың тілін жору-
ды, дыбыстан нышан тануды білдім, бұған қоса жан-жануарлардың 
шұбырынды ізінен сыр тартуды үйрендім, болашақты болжайтын 
абыздардың ұлы сарынын, ағаш төсек пен құз-қияның теңселгенін, 
әлде қашан көз жұмған адамдардың моланы күңіренткен үнін, 
киіз үй сықырлауығының сықырын, адамдардың құйқылжыта 
шырқаған құдірет әндерін, тұла бойыңды кернеп тасқындаған 
сезімді көкірегіме қонақтатып келдім» [7].
Көне түркі тайпаларының арғы аталары болып саналатын 
ғұндардың жырлары, ерлік дастандары, аңыз-әфсаналары әдебие-
тіміздің ежелгі мұралары болып саналады. Өкінішке орай, сақ дә-
уірінен кейін тарих сахнасына келген ғұндардың әдебиеті біздерге 
толықтай келіп жетпеді. Бүгінгі күнге жеткен қысқа-қысқа үзінділер 
аз да болса сол заманның рухани байлығынан сыр шертеді.
Ғұндар туралы деректер қытай жылнамаларында көптеп жа-
зылған. Қытай тарихшыларының көшбасшысы Сыма Цяннан ба-
стап Бань-Гу, Фай Е атты авторлар Орта Азияда Мекен еткен ғұндар, 
үйсіндер, қаңлылар және басқа да түркі тайпалары жөнінде дерек-
тер келтіреді.
Осы аталған қытай жылнамашыларының еңбектерін орыс 
тіліне аударған Н.Я. Бичуриннің еңбегі орасан [5, 40 б]. Қытай мен 
ежелгі түркі тайпаларының ара қатынасынан мол мәлімет беретін 
бұл аудармадан аздап болса да көне ғұндардың ауыз әдебиеті 
үлгілерін кездестіруге болады. Ғұндар жөнінде біраз еңбек жа-
зып, олардың тарихнамасына зор үлес қосқан Н.А. Аристов,
В.В. Бартольд, Л. Гумилев, К. Акишев, С. Аманжолов, А. Аманжо-
лов, Ә. Марғұлан, Н. Келімбетов, С. Өтенияз сынды ғалымдардың 


124


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет