М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент


Әлемнің рухани-адамгершілік тәжірибесі



Pdf көрінісі
бет126/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

3 Әлемнің рухани-адамгершілік тәжірибесі: 
қазақ хандығы кезеңінің қалыптасуы (X
V
–X
VIII
 ғғ.)
121 
бір – жарқын дүние. Оны ең алғаш келістіре шығарған елдер ерлік 
дәуірін басынан кешірген, қазақтың байтақ сахарасын қоныстаған 
сақтар, ғұндар, үйсіндер, қаңлылар, олардың соңын ала қарыштаған 
ұрпақтары – оғыздар, қыпшақтар, қарлұқтар (қазылықтар), най-
мандар, керейлер, пешенелер, хазарлар» [1], – деп пайымдаған екен. 
Сондай-ақ, әдебиеттанушы-ғалым Әуелбек Қоңыратбаев та қазақ 
фольклорының генезисі мен әдебиет тарихын сақ массагет дәуірінен 
бастау керектігін алға тартып, өзі осы тұрғыдан аянбай еңбек етті [2]. 
Біздің заманымызға дейінгі Х–V ғасырларда қазіргі Қытай же-
ріндегі Сары өзеннен (Хуанхэ) бастап, Еділ мен Дунайға дейінгі 
ұлан-ғайыр жерде түркі халықтарының арғы бабалары болып сана-
латын тайпалар өмір сүрді. Түріктердің арғы тегі жөнінде, олардың 
мәдениеті мен әдебиеті, аңыз-әфсаналары мен әңгімелері жайында 
жазылған үш дерек көзі белгілі. Бірнеше мыңжылдық тарихы хатқа 
түскен қытай жылнамаларынан мен ежелгі парсылардың тарихи-
мәдени жазба мұраларынан және «тарихтың атасы саналған Геро-
доттан бастау алатын грек-рим авторларының шығармаларынан 
ежелгі түріктер туралы құнды деректерді табуға болады. 
Біздің жыл санауымызға дейін ахеменидтер әулетінен шыққан 
Дарий патшаның Бехустин жартасына сына жазумен жаздырған 
мәтінінде қос өзеннен (Әмудария мен Сырдария) жоғары, Іле 
мен Еділ арасында өмір сүретін халық «сақ» деп аталса, грек 
тарихшыларының жазбаларында «скиф», «массагет» деген атаумен 
жазылған. Ал қытай жылнамаларында осы байтақ далада көшіп-
қонып жүрген тайпалар «Ту-кю» деп аталады. Әйгілі қытайтанушы 
П. Пельо «ту-кю» сөзін «түріктер» деп нақты әрі сәтті аударған. 
Тарихи деректерге жүгінсек біздің жыл санауымызға дейінгі VІІ 
ғасырдың өзінде-ақ түріктердің билік жүргізген өлкесі Тұран деп 
аталған. Көне зоростризм дінінің қасиетті кітабы «Авеста» да осыны 
айтады.
Археологиялық қазбалардан табылған сақ дәуіріндегі мұралар-
ға қарап, олардың шоғырланып тіршілік еткен жерлері Іле, Шу, 
Талас, Сырдария өзендерінің бойында, Арал, Каспий, Қара теңіз 
жағалауларында және Жоңғар Алатауының бөктерлері мен Кеген, 
Нарынқол таулы аймақтарында деп топшылауға болады. 
Жетісу 
өңірін мекендеген сақтарды грек тарихшылары массагеттер деп ата-
ды. Бұл жөнінде Геродот: «Массагеттер киім киісі мен тұрмыс сал-
ты жөнінен скифтерге ұқсас. Олар салт атқа мініп те, жаяу жүріп 
те шайқасады. Садақпен және найзамен шайқасатын соғыстың екі 
әдісін де біледі. Әдетте айбалтамен қаруланады. Олардың барлық 
заттары алтын мен мыстан жасалған. Бас киімдері, белдіктері және 


122


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет