Байланысты: Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін
3 Әлемнің рухани-адамгершілік тәжірибесі: қазақ хандығы кезеңінің қалыптасуы (X V –X VIII ғғ.) 119
руханияттың бүгінгі таңда әйгіленбей, ұмыт болып бара жатқан
қырлары бар екендігі де жасырын емес. Мысалы, кейбір ырым-
тиымдарымыздың астарында жатқан мән бізге белгісіз, ұмыт болған
немесе өнер туындыларының қаншамасы бүгінгі күнге тасымалда-
на алған жоқ, тарихи жадыдан мәңгілікке жоғалды деуге де бола-
ды. Енді алдағы міндет, ұмыт болмаған шикізаттардан өнім тудыру,
яғни, олардың ішкі мағынасын ашып беріп, тәжірибелік қырларын
жариялау және бүгінгі қоғамдық өмірде қолдану аясын кеңейту бо-
лып отыр. Мысалы, ұмыт болып бара жатқан «Жеті атаға дейін қыз
алыспау» дәстүрі, Қымыз, Шұбат сынды сусындардың қолданылу
және дайындалу технологиясы т. б. материалдық және рухани
құндылықтар бүгінгі таңда қастерлі және пайдалы игіліктер ретінде
әлемді қызықтырып отырғандығы рас.
Олай болса, тарихқа жаңаша көзқарас, оның ішінде ұлттық
өткенімізге деген кемсітушіліктен арылу (дискриманация), түптеп
келгенде, осы руханиятымызды тек өткен ретінде қайта жанданды-
рып қана қоймай, мәңгі ескірмейтін абсолютті қырларын шынайы
қоғамдық өмір игілігіне пайдалану қажеттігі туындап отыр. Мы-
салы, тарихи құндылығымыз айтыс өнері бүгінгі таңда қоғамдық
талғамдармен үйлесіп, жоғары сұранысқа ие болып отыр. Оны
хронологиялық жас ерекшеліктеріне қарамастан көпшілік қауым
құлшына тыңдайды. Ал терме, жыр, ертегі т. б. құндылықтарға де-
ген құлшыныс аса жоғары деңгейде емес. Осыған байланысты, ру-
хани құндылықтарымыздың қоғамдық санадағы жалпы мәртебесіне,
сұраныстарына құрылымдық-функционалдық, феноменологиялық
т.б. зерттеулер жүргізіп, төменгі деңгейлеріне басымдылық беріп
отырудың тетіктерін қалыптастыруымыз керек.