М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент



Pdf көрінісі
бет119/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

Қазақтардың рухани әлемі: 
әл-Фарабиден Абайға дейін
да қозғалған негізгі мәселелер: Ресей отаршылдығының және сол ар-
қылы бізге келіп жетуі ықтимал Еуропалық жағымсыз керітартпа 
әдеттер, оның нақты өмірдегі жеке көріністері, сан мыңдаған жыл-
дардан бері жалғасқан және тарихи сахнада айтарлықтай деңгейде 
билік құрған түркі-қазақ өркениетінің тәмамдалуы, ұлтымыздың 
рухани-моральдік құндылықтарының құлдырауы, өмір салтына 
жағымсыз элементтердің енуі ғана емес, тұтас ұлт болмысына төнген 
қауіп пен хауіпсіздік мәселесі, түптеп келгенде, «қазақ халқы әлемдік 
сахнада ұлт ретінде сақталып қала ма?» деген сауалдың астарлы 
түйткілдері т. б. Мысалы, Дулат Бабатайұлы халықтың терең рухани 
құндылықтарының құнсыздануы жөнінде айтып кетеді [16, 198 б.].
Одан кейін Асан қайғыдан бастау алған заман ұғымының 
пессимистік сипаты Ғ. Қараш идеяларында да осы жыраулық 
мәнермен жалғасын тауып отырды. Бірақ бұл әлеуметтік құбылыс-
ты ол «Зар заман ақындары» атап өткендей, «ақыр заман» түрінде 
емес, «азған заман» кейпінде бейнеленді [17, 79–80 бб.]. 
Ғұмар Қараштың да Әбубәкір, Шортанбай, Дулат, Мұрат ақын-
дар сияқты «Асан қайғы мектебі» деп атауға болатын бағыттың өкілі 
екендігімен, ол мектептің жырларындағы сарындар пессимистік бо-
лып құрылатындығымен, негізгі түп идеясы халқының болашағына 
деген алаңдаушылық толғауларынан тұратындығымен, ең бастысы 
сол заманның келбетіне халықтың көзін жеткізгеннен кейін, «осын-
дай рухани-мәдени құлдыраулардың алдын-алу үшін енді біз не 
істеуіміз керек» деген мәселе қойылатындығымен келіп түйінделеді. 
Ендеше, біз, ата-бабаларымыз толғаған заман категориясының 
мазмұнынан – Асан қайғы бабамыз айтқандай, «шер толқытқан» 
сезімдерден туындайтын тебіреністер, қашанда, халықтың басына 
ауыр күн туған ахуалдарды бейнелеуге арналатындығын, өмірдің 
ащы шындығының келбетін ерікті-еріксіз түрде көрсетіп беретіндігін 
аңғарамыз және мәтін астарынан болашақ ұрпақтарға қалайда 
шешілуі тиіс мәселелер қойып отырғандығын байқай аламыз. Де-
мек, бұл ойтолғамдар тізбегінің формасы жай ғана поэзия, өнер, 
ұйқастар болғанмен, мазмұны – Ұлт Экзистенциясы: болу мен бол-
мау туралы іргелі мәселе. Мысал үшін, нақтырақ айтқанда, ол бір 
адамға ғана арналған Жоқтау өлеңі емес, «Тұтас Ұлтты Жоқтау» не-
месе «Ұлттық Жоқтау» деп айта аламыз. 
V. 
Ақын.
Жоғарыда айтылғандай, ХІХ ғасырдағы ұлттық 
қауіпсіздік сарындарының екінші бір арнасы тәуелсіздік тура-
лы толғаулардың жаршыларының көрнекті өкілі – Махамбет 
Өтемісұлы болатын. Ол да жай ғана жыршы емес, әрі батыр рухты 
кемеңгер қолбасшы. Негізгі түпмақсаты – ел мұраты еркіндік пен 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет