Байланысты: Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін
Қазақтардың рухани әлемі: әл-Фарабиден Абайға дейін жойған «Мен» экзистенциалдық оқшау күй кешеді, сырластар мен
мүдделестер іздей келе, еріксіз түрде табиғи тіршілікпен тілдеседі.
«Ау Қызғыш құс, Қызғыш құс» деп аталатын жырында ол өзінің
мұңын, оқшауылығы мен «жалғыздығын» Құсқа шағады, оны
экзистенциализмдік сарынмен көмкереді [18, 274 б.].
Оның бастапқы өршіл Рухында дәрменсіз діншілдік, жеңіске
жете алмайтындығы туралы күдік, қайғыру мен жабығу сияқты
пессимистік сарындар жоқ болған. Осыған орай, Махамбеттің ұлт-
тық рухпен көмкерілген «Менін» екі кезеңге бөліп қарауымызға бо-
лады: Исатайдың тірі кезіндегі және Исатай өлгеннен кейінгі.
Бірақ ол Исатай өлгеннен кейін де өзіне-өзі тағайындаған
күрескерлік өмірін әрі қарай жалғастыра береді. Себебі, оның өзі
тағайындаған, әрі, өзі поэтикалық тілмен сомдап шығарған ер
тұлғасына, алдымен, нақ жеке Өзі сәйкес келуі тиіс. Мысалы, бұл
үрдіске жетілген тұлға қалыптастыру мұраттары бойынша тарихи
тұрғыдан шолу жасасақ: Әл-Фарабиде «Қайырымды ала тұрғыны»,
А. Яссауиде «Кемел адам», Абайда «Толық адам» немесе «Адам бол»
идеясымен т.б. сабақтасады. Ал Махамбет ақын идеалындағы текті
адам – «Ер», «Азамат ер» деген сияқты ұғымдармен беріледі.
«Зар заман» ақындарында заман келбетін тек сипаттап қою
болатын болса, Махамбет толғауларында «егер заман сондай бо-
латын болса, біз оған қарсы былайша күресуіміз керек» деген
прагматикалық мән жатыр. Сөз бен істің бірлігін қолдаған ақын ке-
лер ұрпаққа өзінің өсиеттерін толғау ретінде қалдырып кетті және
намыс пен жігер тудыратын толғаулары қазіргі кезде де ұлттық
қауіпсіздік жағдайында архетиптік түрде қайта оянуға өзінің
ыңғайын білдіріп тұрады. Яғни, жыраулық дәстүрдегідей, онда
«жанды күрескерлік поэзия» деп атауға болатындай мәнерлер жа-
тыр.
Қорыта айтқанда, қазақ мәдениетіндегі рухани құндылық-
тардың көне түркілік дәстүрлерден бергі сабақтасып келе жатқан
өзіндік мирасқорлығын, үнемі өткенді ұмытпай оны жаңаша
түрде жаңғыртып отырғандығын бағамдай келе, олардың өне-
гелік үлгілерінің сол дәуір үшін қоғамдық қайшылықтарды
реттеушілік, дүниетанымдық, рухани қажеттіліктерді өтеушілік
(комперсаторлық), қажет кезінде, эстетикалық ләззат беретін ге-
донистік, ұрпақтарға үлгі көрсететін тәлім-тәрбиелік қызметтер
болғандығына көз жеткіздік.
Сонымен қатар, фольклор немесе басқа да өнер түрлері бол-
сын, тіптен, халқымыздың өмір-тіршілікке тағайындалған болмысы-
ның да өзара кіріктірілген тұтастығының куәсі болдық. Бірақ, сол