М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент


Әлемнің рухани-адамгершілік тәжірибесі



Pdf көрінісі
бет120/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

3 Әлемнің рухани-адамгершілік тәжірибесі: 
қазақ хандығы кезеңінің қалыптасуы (X
V
–X
VIII
 ғғ.)
117 
азаттықты жырлап қана қоймай, соған халқының қол жеткізуі. Оның 
поэзиясындағы мазмұндар мен идеяларға және олардың берілу 
жолдарына бағамдап қарасақ, жыраулық дәстүрдің ыңғайлары 
мен мәнерлерін аңғарамыз. Яғни, ол Қазақ хандығы бастауынан та-
мыр тартқан жыраулық мектептің заңды жалғасы мен сабақтасқан 
көрінісі. Жыраулар батыр, жыршы, өткір әлеуметтік мәселелерді 
толғап, елі мен жері үшін отаншылдық сезімнің алабұртқан көңіл 
түйсігін қозғайтын болса, Махамбет ақын да осы үрдісті қайталайды, 
бірақ заманына сай жаңғыртады да, түпкі ой – ұлттық идеяға келіп 
орайласып отырады. Тіпті, оның сөз саптаулары мен ой иірімдері, 
оны жеткізу мақамдары да жыраулармен үндестік табады.
Жыраулардағы ұлттық рух үнемі жігер мен көзсіз ерлікті ғана 
емес, өмірлік мұраттарды да толғайды, мысалы жауап күттірмей-
тін сауалдар қою арқылы толғанылған жыр соған жатқызылады. 
Мысалы, оларда қолданылатын «Қайда?» сұрағы – риторикалық, 
екінші бір қырынан қырынан алғанда, жауабы өзінен-өзі түсінікті 
таза эстетикалық сауал болып табылады. Ол да халқымыздың 
жыраулық дәстүрінде кеңінен орын алған, өткенді аңсаудан туған, 
келмеске кеткен өмірге деген сағынышты білдіретін, «қайта орал-
са екен» деген қимастық сезімді толғайтын, өкініш пен көнбістіктің 
бірлігінен туған ішкі терең психологиялық күйзелістің амалсыздан 
айтылған түрін білдіреді де, орындалуы-орындалмауы екі ұшты 
терең өмірмәнділік мағыналы армандарға келіп тоғысып жатады. 
Бірақ Махамбет ақын, әрине, жыраулар толғаған мазмұнды 
сол күйінде қолданбайды, оның өзіндік төлтума идеялары мен 
заман шындығын бейнелейтін ерекше толғаулары мен арнала-
ры бар. Мысалы, «Мен, Мен, Мен едім» деп басталатын толғауы, 
әлемдік әдебиеттерде кездесе бермейтін эстетикалық және таза 
философиялық мағынадағы көріністер. Оның «Мені» Фихте фи-
лософиясындағы «Мен»-ге мүлде ұқсамайды. Себебі, Махамбет 
ақынның «Мені» алдымен, эмоционалдық сипат алады, одан соң, 
осы эмоционалдық өршіл, қайтпас қайсар Рухпен көмкеріледі, одан 
соң, оның Мені жалпыадамзаттық емес, халқының атынан айтылған 
«Ұлттың Менге» өтеді. Яғни, Менді бұл тұста екі жазықтықта 
айқындауымызға болады: біріншісі – жеке, екіншісі – жалпы. 
Егер осы «Менді» орталық түсінік етіп алсақ, толыққанды ке-
мелденген өршіл Рухты Тұтас «Мен», Исатай өлген соң екіге айы-
рылады, нақтырақ айтқанда, Исатай ағасымен кіріктірілген, сол 
арқылы өзіне әйгіленген Рухын кемелдендіретін қуат берушілік 
қыры кемиді: «Исатайдың барында екі тарлан бөрі едім, Қай 
қазақтан кем едім..». Ендеше, жасыған, өзінің толыққанды қуатын 


118


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет