Байланысты: Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін
Қазақтардың рухани әлемі: әл-Фарабиден Абайға дейін 3. Ұлттық қауіпсіздік мәселелері. Бүгінгі таңдағыдай, олар
ақындықты кәсіп етіп немесе ақындық шеберлікпен масаттанып,
ақындығы үшін елден құрмет көрсетуді талап етпеген. Олар табиғи
тума таланттар және онысы үшін қаламақы сұрамайды, қоғамдағы
өзекті мәселелерді көре біліп, оны толғап қана қоймай, шешілуінің
жолдарын да байыпты түрде ұсынып отыратын жауапкершіліктерді
тағдыр таңдауымен өздеріне-өздері жүктеген. Демек, олар өз ойла-
рын халқына әсерлі болуы үшін жырмен өрнектеп жеткізген.
Бұндай талант иелері қоғам шындығын батыл айтып, әлеумет-
тік қайшылықтарды көре біліп, әділеттілікке қол жеткізуге ұмты-
лу мақсатын қойған. Жыраулар ішкі және сыртқы халықаралық
жағдайлардың бәріне де ерікті-еріксіз түрде араласып отырған.
Олардың қойып отырған негізгі екі қауіпсіздік арнасы: сыртқы жа-
улардан қорғану қауіпсіздігі, реті келсе, бейбіт қатынас орнату, ел
ішіндегі тұрақтылық пен рухани-моральдік қауіпсіздік, әсіресе,
ұлттық рухани құндылықтарды сақтау.
Осы екі арнадағы қауіпсіздік, кейіннен, әсіресе, қазақ халқы Ре-
сейге қосылғаннан кейін өзектілене түсті. Елдің тәуелсіздігін жеңіп
алу дәуірдің асқақ мұраттарына өтті. Бұдан туындайтын ұлттық ру-
хани ғана емес, халқының материалдық құндылықтарын да сақтап
қалу заманның ащы шындығына айналды. Осыған байланысты, ХІХ
ғасырдағы ақын-жыраулар поэтикасында екі бағыт қалыптасты:
Рух философиясын негіздейтін толғаулар (Махамбет), Ұлттық
құндылықтардың жағымсыз жағына қарай ауысуына деген өкініш
сезімдерін білдіретін – Зар-заман мектебі (Әбубәкір Кердері, Мұрат
Мөңкеұлы, Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы т. б.). «Зар за-
ман» деп аталған бағытты толығырақ ашу үшін, «Заман» ұғымын
әлеуметтік философияның жалпы ұғымы (мүмкін, категориясы)
ретінде ұсынып, оны орталық түсінікке шығарып, тарихи-салыстыр-
малы талдаулар арқылы зерделеуді мақсат еттік.
Ендеше, келесі кезекте, біз, «заман» ұғымын ұлттық руханият-
тық таным тарихы тұрғысынан бүгінгі күнмен байланыстыра
отырып саралап өтпекпіз және оны арнайы философиялық ка-
тегория ретінде ажыратып алғандықтан, алдымен, былайша
анықтма беруімізге болады: «Заман дегеніміз – тарихи-әлеуметтік
шындықтың сол дәуірдегі тұрмыстық-өмірмәнділік жалпы
сипатының концептуалдық көрінісін білдіретін эстетикалық-
экзистенциалдық тұрпатты ұлттық философияның категориясы».
Анықтамамызды нақтырақ сараптасақ, ондағы қозғалған
мәселелер: тұтас тарихты емес, тек белгілі бір кезеңді ғана нысанаға
алу; тарихымыздағы кез-келген дәуірдің қоғамындағы ащы