М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент



Pdf көрінісі
бет113/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

Қазақтардың рухани әлемі: 
әл-Фарабиден Абайға дейін
Бастапқыда идеал абстрактілі мүмкіндік формасында көрі-
неді, ол нақты мүмкіндікке оңай айнала қоймайды, қажеттілік 
жүгін арқалаудың нәтижесі арқылы шешіледі. Қажеттілікті – 
намысшылдық, ар-ұятты қадір тұту, жауынгерлік рух туғызады. 
Күрескерлік махаббаттың биік шыңы бұнда да өлім мен өмірді 
таңдауға-талғауға шығарады: «не өлім, не өмір» деген тәуекелшілдік 
батырдың негізгі ұстанымына айналады. Бұл тек біржақты ер 
адамдық емес, асыл затты әйелдің де араласуы мен әрекеті арқылы, 
екі мақсат тоғысады, осындай екі мүдденің шыңдалған көрінісі – 
сүйіспеншіліктің тұрақтылығы мен мәңгілігінің кепіліне айналады 
(мысалы, Қамбат батыр жырындағы Назым бейнесі). 
Себебі олар, сансыз көп мүмкіндіктердің арасынан басқаша 
тағдырды қаламайды, тіпті мойындамайды да, тек «сол» өзінің 
«менінің» құрамдас бөлігіне айналғанда ғана жан тыныштығын 
мәңгілікке қамтамасыз ете алады. Эпостық таным-түсінікте өмір 
тұтастай күрес әлемі арқылы өрбиді, бастапқыдағы күрес өзінің 
болашақ өмірін жеңіп алудың күресі болып тағайындалады, мақсат 
міндетке айналады, жауапкершілік парызға өтеді, мораль заңға та-
сымалданады. Яғни, орындау-орындамауы өз ырқындағы моральдік 
қағида дала заңының қағидаттары болып қабылданады. Мәселен, 
ел қорғау мен отансүйгіштік моральдік қағида болса, ол батыр 
тұлға үшін даланың заңына айналып, мүлтіксіз қабылданады, осы 
қабылдаудың өзі моральдік үстемдік арқылы жүзеге асады, И. Кант-
ша айтқанда, «кесімді бұйрықтарға» өтеді. Себебі, батыр рухының 
еркіндік әлемі дала заңын мойындамауға емес, керісінше, халқының 
еркіндігі мен азаттығын қамтамасыз ету арқылы бостандыққа қол 
жеткізу болып табылады. Демек, халқы еркін болса, батыр өзінің 
еркіндігін толықтай сезінеді. Осындай ұлттық рух тек рациоаналды 
тұрғыдан емес, мифологиялық санамен әдіптеледі. 
Батырлар жырында түркі халықтарының рухының шексіз 
асқақтығы, намысқой мінезі, еркіндікті аңсаушылықтың түпсіздігі 
және мақсатқа жетпей тамамдалмайтын бірегейленуі бейнеленеді. 
Яғни, еркіндік мақсатына жете алмаса, ол еркіндік емес, аяқталмаған 
еркіндік болып табылады деген батыл тұжырым дәйектеледі.
Эпостарда махаббат философиясының тереңдігі мынадай мағы-
налармен тоғыстырылған: 1) сүйіспеншіліктегі екінші жақ санаға 
бағдарланғандықпен шартталады, бұл адалдық пен берілгендікті 
білдіреді, немесе Канттың тұжырымы бойынша кесімді бұйрық бо-
лып қабылданады; 2) одан айырылған өмір «өзінің өмірі емес, басқа 
адамның өмірі» болып түсініледі, бұл экзистениалдық мәселе болып 
табылады; 3) онымен бірге болмау мен өзінің де мүлде өмірде бол-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет