М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент


Әлемнің рухани-адамгершілік тәжірибесі



Pdf көрінісі
бет112/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

3 Әлемнің рухани-адамгершілік тәжірибесі: 
қазақ хандығы кезеңінің қалыптасуы (X
V
–X
VIII
 ғғ.)
109 
әрі қазақ руханиятындағы батырлар жырының философиясын 
айғақтауға ықпалдасады. 
Лиро-эпостық жырлардағы негізгі мәселе – ғашықтық толғауы-
ның өмірмәнділік мәселеге айналатындығы болса, батырлар жырын-
да бұған ел қорғау, ұлтжандылық сияқты құндылықтар қосылады. 
Лиро-эпостық жырлар тек лирикалық әдеби шығарма емес, түркілік 
махаббат философиясының экзистенциалдық толғаулары мен пай-
ымдауларын қамтитын көлемді ойтолғамдар үрдісін құрайды.
Лиро-эпостық махаббат толғауларындағы жұбынан айырылған 
жарлар: Баян, Қыз Жібек өзін құрбан ету трагедиясының философи-
ясын ұсынады, бұл психологиялық ауытқу, өлім құмарлығы емес, 
өзінің шынайы болмысының ашылмағандығына іштей қарсылық-
тың түрі. Жұбынан айырылудың қайғысы, әлеуметтік оқшауланып, 
өзінің әлемдегі жалғыздығын түйсініп, өмірінің мағынасының жо-
ғалуына дейін көтеріледі. 
Бұл – тұлғаның өзін-өзі психологиялық тұрғыдан жоғалтуынан 
физикалық тұрғыдан жоғалтуына алып келеді. Бастапқыдағы 
өмірмәнділік махаббат сарыны енді болу мен болмаудың он-
тологиялық талғауын туғызады. Бұнда ғашықтық сана өлім мен 
өмірді баламалауға (альтернативаға шығаруға) дейін жетелейді, 
бірақ бұл – өлімді уағыздаушылық пессимизмі емес, ғашық болудың 
абсолютті мінсіз үлгісінің болуы мүмкін екендігін әйгілейтін нұсқа 
ғана. Олар да алғашында жұбымен бірге мағыналы ғұмыр кешеді, 
осы өмір қайталанбас құндылыққа өтеді. Сондықтан өзін құрбан ету 
ғашықтықтың ең соңғы жоғарғы кепілі мен өлшемі болып алынады, 
яғни, бұдан асқан берілгендік пен адалдықтың болуы мүмкін емес. 
Батырлар жырындағы басты екі сарын: ел қорғау мен махаб-
бат. Батырлар жырында махаббат көбінесе нәтижелі аяқталады, ер 
тұлға махаббат пен майданда сыналады, сынақ биік талаптармен 
шартталады, қазақ даласы қатаң сынақ аймағына айналады, түркі 
ұлдары, тұлғалар кемелденудің шарттарының өткелдерінен өтеді. 
Ондағы тұлғалар өз болмысының құрсауын бұзып, әлемдік ерікпен 
тоғысады, еркіндікті жеңіп алу үшін өзінің онтологиялық мағына-
сын қайтадан ашады. Бұндағы махаббат философиясында сұлулық 
пен үйлесімділік, сенімділік пен жігер, адалдық пен қайырымды-
лық сияқты моральдік ұстанымдар негізгі идеяға айналады және 
оны іс-жүзінде көрсете білудің нақты формуласы әдіптеледі. Мұнда 
махаббат – күрескер, жасампаз, әлеуметтік кедергілерді жеңе ала-
тын, түпкілікті мақсатына жетпей қоймайтын, өзін-өзі өмірлік 
тәжірибеден өткізетін, абстрактілі арман-мұраттарын нақты мүм-
кіндікке айналдыратын таза экзистенция. 


110


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет