М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент


Әлемнің рухани-адамгершілік тәжірибесі



Pdf көрінісі
бет110/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

3 Әлемнің рухани-адамгершілік тәжірибесі: 
қазақ хандығы кезеңінің қалыптасуы (X
V
–X
VIII
 ғғ.)
107 
негізделеді, яғни, жазықсыз адамды қарғау сәтінде Сөздің қуаты 
иесінің өзіне айналып келеді деген сенім бар. Қазақтардың 
нанымындағы «көз тию» мен қатар «тіл тию» деген түсінік те оның 
таза магиялық сипатын бейнелеуге арналған десе де болады.
Бата беруші тұлға сөз магиясын сыртқы саясаттағы іргелі 
мәселелерде де қолданып отырған. Билердің толғаулары мен 
сөздерінің маңызды бір тұсы – бітімгерлік пен елдікке қатысты, 
сыртқы саясат пен ішкі саясат мәселелерін реттеуге байланысты бо-
лып келеді. Мысалы, жоғарыда айтылғандай, Қалмақ еліне елші бо-
лып барған Қызыбек бидің Бертіс атты ханына қатқылдау үн қатуы, 
жанжалды бітістіріп қайтуы сәтіндегі «Біз қазақ деген мал баққан 
елміз...» толғаныстары кезінде жанжал шешіліп бітім орнаған екен. 
Бертіс хан кейіннен көмекшілеріне былай деп тіл қатқан екен: 
«Бала би бұл сөзді айтқанда сендерге көрінбеуі мүмкін, мені екі 
иығымнан екі аю келіп басып отырды. Сондықтан, амалсыздан 
келістім». Бұны да қоңтайшының көзіне екі аюды елестету арқылы 
өзгені дегеніне көндірудің психолингвистикалық бағдарлану тех-
никасы десе де болады. Осыдан біз, билер тек қана тауып айтушы, 
қиыннан-қиыстырушы ғана емес, сөз магиясын шебер пайдалану-
шылар болғандығын аңғарамыз. 
Қазақ халқындағы жыраулық институт та тілдің осы қасиетін оң-
тайлы қолдануымен ерекшеленеді. Сөзге тоқтаған және оны құрмет 
тұтқан түркілік дәстүр, оның шынайы мағынасы мен экспрессивті-
эмоционалды қызметін жете меңгерген сыңайлы. Сондықтан, сөз 
– өз кезегінде, ұлтты рухтандырушы күш пен Елдік рухты сақтауда 
маңызды құрал ретінде де өз қызметін атқарды. «Ұрысқа шығар ал-
дында болатын сөз сайысы – бұл дәстүрлі эпикалық локус. Осыған 
қарап батырлар жырында магияның нышаны көзделгендігін байқау 
қиын емес» [12, 218, 216 бб.], – деп байыптаған Асылан Жақсылықов 
өз ойын былайша түйіндеген: «Сонымен ауызша айту дегеніміз 
магияның ерекше синтетикалық нысанының бірінен саналады, онда 
қалыпқа салушылық, иландыру, энергетизм, рухани қатынас, затта-
ну, мақсат қою тәрізді сан қырлы функционалдық деңгейден көрініп, 
сынақтан өткен». 
Психолог ғалымдарымыз да сөздің психологиялық рух беруші-
лік, рухтандырушылық күшін былайша дәйектейді: «Л.Н. Гумилев 
еңбектерінде түркілерде сөздің күші ақиқатты, шынайы күш болып 
есептеледі, айтылғанның айғағы деп тегін айтылмаған» [13, 41 б.]. 
Жыраулар мен билер тек жыршы, жай ғана сөзді құбылтушы-
лар емес, шығармашылық иесі, әлеуметтік насихатшы, саяси 
идеолог, ақпараттарды тасушы жанды ақпарат құралы, жүйесіз 


108


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет