М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент



Pdf көрінісі
бет111/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

Қазақтардың рухани әлемі: 
әл-Фарабиден Абайға дейін
ақпараттарды жүйелеп, оны өмірмәнділік мәселеге көтеріп, теори-
яны практикамен байланыстырушы болумен қатар, тілдің әсер ету 
қуатын пайданалана білетін тұлға, «соғыс-елдік-намыс» идеология-
сын жасап, оны насихаттаумен де шұғылданатын мәртебелі жан. 
Соғыс сәтіндегі әскерлерді рухтандырған жыраудың поэтикасы, 
келесі кезекте, олардың «аруақ шақырып» өздерін-өздері магиялау-
мен жалғасын табады. Ата-бабасының есімдерін немесе ұрандарын 
айтып, айқайлап тұрып жауға шабу, біріншіден, өткен ата-бабала-
рымен психотранстық күй кешіп, одан қуат алу болса, екіншіден, 
жаудың үрейін ұшыру үшін де қолданылған тәсіл. 
«Қазақ сөзге тоқтаған халық» деген тұжырым осы тіл магиясы-
нан сақталып қалған сөз. Бұл жерде құбылыстың Сөзге тоқтау немесе 
тоқтамау этикасынан гөрі, психологиялық қыры басымдау сияқты. 
Яғни, адресатқа ықпалды айтылған сөзге тоқтамасқа лажы жоқ де-
генге келіп саяды. Сондықтан, да халқымыз сөзді аса құрмет тұтқан. 
Осыған байланысты: «Сөз сүйектен, таяқ еттен өтеді», «Еттен өткен 
таяқтан, сүйектен өткен сөз жаман» деген сияқты халық мақалының 
бейнелік қырынан гөрі, ақиқаттық жағы мен тура мағынасы басым-
дау болуы ықтимал. 
«Көп тілегі көл» деген нақыл сөзде де тілдің ықпал етуші 
күші туралы мәселе мәтін астарында жатыр. Яғни, игі тілек пен 
ниеттердің ішкі психологиялық қуаты әлеуметтік өмірде де нақты 
нәтижелерге қарай ұмтылады. Яғни, тілектің қайталамалық 
сипатының өзі оның ықпал етушілік, «гипноздық» деп те айтуға 
болатындай, күшін арттыру үшін қолданылған деп тұжырымдай 
аламыз. 
«Халқымыз тауып айтылған, мезгілінде арнап айтылған сөзді 
емге, демге, жемге, кеңге деп тегін баламаған. Ағынан жарылып, 
ашық айтылған сөз, алдымен адамның өзіне ем. Расында шындық-
ты айтып, шындықты айтқан бір серпіледі», – деп тұжырымдалған 
пікірлер [14, 221 б.] де осының айғағы.
Бұдан біз, қазақ тілін де тылсым қуат бойынша пайдалануға бо-
латындығын, ол қажет кезінде көптеген өмірмәнділік мәселелерді 
шешуде қолданылғандығын, оның сарқыншақтары бүгін де кездесіп 
қалатындығын мойындай отыра, ана тілін құрметтеудің өзіндік бір
психологиялық үлгісін паш аламыз.
ІІІ. 
Батыр
. Қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік құрылымындағы 
«батыр» буынының айшықты тарихи көздері батырлар жыры бо-
лып табылады. Ендеше, алдымен, осы батырлар жырын жалпы 
концептуальді тұрғыдан талдап, ерекшеліктерін көрсету – өмірлік 
«жанды батыр» тұлғалардың шынайы кейпін ашып бере алады, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет