Байланысты: Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін
3 Әлемнің рухани-адамгершілік тәжірибесі: қазақ хандығы кезеңінің қалыптасуы (X V –X VIII ғғ.) 111
мауы сәйкес өмірге айналады, бұл жұптық өмірдің кімге болса, соған
арналғандығын емес, нақты жеке бір тұлғаға ғана арналғандығын
білдіретін намысты өмірді білдіреді т. б.
Осындай рәміздік түрде көрсетілген махаббатқа адалдықтың
үлгісі пессимизм мен үнемі өзін өлтірушілікті уағыздамайды, ол
қайшылық шешімін табады. Мәселен, Қыз Жібектің Төлегеннің
інісіне тұрмыс құруы – келісімді әмеңгерлік салтпен шешіледі: «...
Ата-анасын қуантып, Қырық күн ұдай той қылып, Сансызбай Жібекті
алады».
Батырлар жырындағы махаббат мәселесі, оған нәр беру
үшін қосымша түрде бейнеленсе, мінсіз ел қорғау мұраттары –
батырлардың тұлғалық болмысы ашып беретін таза өмірмәнділік эк-
зистенция болып табылады. Батыр қазақ қоғамында барынша ерікті,
мәртебелі, сыйлы, кейде, тіпті, халықты артынан ертетін қолбасшы:
көтерілістерді, шақыншылықтарды өз бетінше ұйымдастырушы да
болып келеді. Оның қоғамдағы еркі өзінің ішкі ерік күшімен келіп
ұштасып жатады.
Ол үнемі өлім мен өмір арасындағы «шекаралық жағдайлы» күйді
бастан кешіреді, өзінің тағдырынан халқының тағдырын жоғарырақ
қояды да, ел қорғаудағы борыш мен мақсатын, сәйкесінше, міндет
пен парызға айналдырады. Сонымен қатар, жауынгерлік рухтың
ядросын құрап, перифериясына халқын жинайды. Бірақ ол үшін
әділетті және әділетсіз соғыстардың ара жігі анық ажырамайды. Ол
өзге мемлекеттерді жаулап алу үшін де, сыртқы жаулардан елін
қорғау үшін де аттана береді.
Батыр тек дүлей қара күш иесі палуан тәрізді ғана емес, айлакерлік
пен соғыс өнерінің маманы, халықты бір жұдырыққа жұмылдыру-
шы идеолог та болып табылады. Батырдың алдындағы зор және
халқының тағдырына байланысты түпмаңызды экзистенциалдық
жауапкершіліктерінің бірі – жекпе-жек сәті.
Жауынгер халықтарда жазылмаған, бірақ барынша ресмилен-
ген бір заңдылық бар: «көп жағдайда, жекпе-жекте жеңілген жақтың
әскері тұтасымен жеңілген болып саналады да, олардың шарттары
сөзсіз орындалуы тиіс болады». Міне, осы сәтте жекпе-жекке шық-
қан батыр қаншалықты жауапкершілікті мойнына алатындығын
бағамдай беруімізге болады. Тұтас халықтың ұлттық рухын бойы-
на жинақтаған батыр тұлға жалпы жоба бойынша үнемі жеңімпаз
болу міндетін өзіне-өзі тағайындайды. Осы өзіне-өзі өмір бойы
тағайындаған міндетінен ол «мәңгі бақи» айнымауы тиіс, сондықтан,
ол осындай жағдайға өзіне-өзі серт бергендей күй кешеді. Мысалы,
«мен бірнеше жыл батыр болдым, енді тоқтадым, қойдым, басқа да