М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент



Pdf көрінісі
бет109/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

Қазақтардың рухани әлемі: 
әл-Фарабиден Абайға дейін
қуатына Сөзді әкеліп қосады. Бақсылықты зерттеуші Е. Тұрсынов та, 
бақсының зікір салу сәтінде жеңіл гипнозды пайдаланатындығын 
атап көрсетсе [8, 33–34 бб.], Г. Гачев оны түркі-қазақтық болмыспен 
тұтас байланыстырады: «Все – как самоколдуны-шаманы»[9, 109 б.]. 
Бақсының тіл магиясында сөздер қайталана отырып, ерекше үнмен 
кей сәттерде үрей де ұялатады. Өзгелерге ұялаған үрей, олардың 
психикасын әлсіретіп, жіберілген ақпараттарын қабылдауға қарай 
жетелейді. 
Тіл магиясының тағы бір көрінісі – бата мен қарғыс болғанды-
ғын отандық философтар да жоққа шығармайды. Осы орайда,
С. Оспановтың «от» туралы байырғы діндік-ділдік көріністерді тал-
дай келе: «Отқа үстемелеп отын салып жатып, оған еңкейіп тағзым 
етіп, осы дұға сөздерін күбірлеп айтушы – оттың «жақын досы», от-
пен сырласушы», – деп тұжырымдаған пікірлері де [10, 206 б.] «От 
пен Ой» арасындағы тым көне түзілімдерді тереңірек аңғаруымызға 
жол ашып береді. 
Бұл жердегі қазан-ошақ оты күндізгі емес, қараңғыда маздайтын 
болғандықтан, әрбір шаңырақ бейне бір «магиялық жағдайды» жа-
сап бергендіктен, отбасы ертеңгі күн мен болашағын жақсылыққа 
балап, тілектерін айтады және сол кездегі ас қайыру сәтіндегі бата 
осындай жағдайда өтеді. Демек, батаның өзіндік магиясы [11, 274 б.]
мен үй ішіндегі магиялық жағдай тұтасады. Яғни, бата беруші өзінің 
эмоционалдық күшін пайдалана отырып, Шын ниетімен ойдың 
мазмұнының іске асуын жасап шығарады десе де болады. Дегенмен, 
оның іске асу-аспау дәрежесі бата берушінің ішкі психологиялық 
қуатына да байланысты болып келеді. Халқымыз сезімдік қуаты мен 
ықпал өрісі дамыған бата берушіні «аузы дуалы» деп те атаған. Мы-
салы, Қорқыт ата кітабындағы «Ол заманда бектердің ақ дегені алғыс, 
қара дегені қарғыс еді», «оның аузы дуалы болатын» деген сияқты 
түсініктер осының айғағы. 
Демек, бата – ізеттілік магиясына сәйкес келсе, қарғыс – қара 
магия болып табылады. Сондықтан, кей сәттерде, теріс бата да 
қарғыстың бір түріне айналған. Мысалы, Қыз жібек пен Төлеген 
эпосындағы Төлегенге әкесінің берген теріс батасы жүзеге асып, ол 
қайғылы оқиғаға тап болады. Бүгінгі таңда да бата мен қарғыстың 
магиялық ықпалы түбегейлі сейіліп кеткен жоқ, ол кей сәттерде 
қоғамдық өмірде қолданылатын дәстүрлердің бірі ретінде күңгірттеу 
болса да, мазмұны мен мәні – бейсанамызда, ал формасы – санамыз-
да қылаң беріп отырады.
Бірақ, қарғыс сөз ретсіз айтыла бермеген, «жүйесіз қарғыс ай-
налып келіп иесін табады» деген қағида «бумеранг» заңдылығына 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет