Байланысты: Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін
Қазақтардың рухани әлемі: әл-Фарабиден Абайға дейін «өзің де ал, үйдегі ата-анама өзің не қаласаң соны бер» депті. Бай
баланың үйіне келіп, «мен ақшаның бәрін өзім қаладым, сіздерге
ешнәрсе де бергім келмейді, міне балаң «өзің не қаласаң соны бер»
деп жазып жіберді» деп көрсетіп, «мен ешнәрсе беруді қаламаймын»
дей келе, бір тиын да татырмай кетіп бара жатқан жерінен Алдар
Көсе шығып, хатты қайтадан оқып тұрып: «Өзің не қаласаң соны бер
депті ғой, егер өзің бұл ақшаның бәрін қалап тұрсаң, онда сол қалаған
сомаңды, енді түгелдей беруге тиісті емеспісің», – деп ақшасын
тұтастай қайтарғызады. Осындай басқатырғы ойша алдау тәсілдері
әлемдік философияда софистика ілімі ретінде танымал болса, қазақ
даналығында, би-шешендерде ол тапқырлық пен ой ұшқырлығы
түрінде қолданылатын амал болған.
Би-шешендердің жұмбақтау тәсілі негізінен көркемік танымға
негізделеді. Бұнда қазіргі әдебиетте қолданылатын тұспалдау, иша-
ралау, ниеттеу, рәміздеу сияқты ойды тікелей емес, жанама, басқа
бір ұқсас жағдайлар арқылы жеткізетін ойтаным кеңінен қолданы-
лады. Бұл – билердің өз арасындағы пікірталастарда, әңгімелерде,
сұхбаттарда жиі көрініс тауып отырады. Би, жалпы алғанда, тұспалды
ойдың шебері болуы тиіс, неғұрлым ым-ишараны, рәміздерді жетік
меңгерсе, соғұрлым оның шешендік қабілеті де жоғарылай түскен.
Қазақ философы Д.С. Раев қазақ даласындағы шешендік сөз-
дердің мағынасын және логикалық жүйелілігін былайша сипаттап
береді: «Шешендік сөздерде қазақ даласы көшпелілерінің бүкіл ком-
муникация жүйесі мен дүниетанымының дәстүрлі ұлттық логикасы,
қозғалу ритмі жатыр» [6, 8 б.].
Билер мен шешендердің ойлау жүйесі ержүректелікпен,
батырлықпен, намыстылықпен астасып жатқандықтан, оларда
сезімдік толғаныстың келбеті анық байқалады. Ішкі адал сезімнен
шыққан сөз қашанда, жеңіске жетеді. Осы адалдық сезім ақиқатты
айтқызып, қарсыласын тұқыртып тастайды. Ендеше, билердің
сезімді пайдалану тәсілі қарсыласының немесе өзге ел-жұрттың
ішкі жан-дүниесіне жеткізе айтумен келіп шешімін табады. Мы-
салы, Бұқар жыраудың: «..Мен сені алғаш көргенде, Әбілмәмбет
сұлтанның, Түйесін баққан құл едің» деген толғауы [7, 94 б.] ішкі
сезімдік күйзелістен шығып, таза шындықты жеткізгендіктен, ол
ханға да әсер етпей қоймайды. Бұл мәнерді Асан Қайғының «Таза
мінсіз асыл сөз, Шер толқытса шығады», – деген ой тұжырымымен
дәйектеп қоюымызға да болады немесе этикадағы эмотивизммен де
айғақтай аламыз.
Сондай-ақ ғылыми ойлау жүйесімен көркемделетін тәсілдер
де би-шешендердің үнемі қолданатын әдісі болып табылады. Мы-