М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент



Pdf көрінісі
бет101/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

Қазақтардың рухани әлемі: 
әл-Фарабиден Абайға дейін
үлгісі болған. Бұны Асан қайғы (Әй, Жәнібек хан ойласаң), Бұхар 
жырау (Ай, Абылай, Абылай, Мен сені алғаш көргенде, Әбілмәмбет 
сұлтанның түйесін баққан құл едің), Махамбет (Хан емессің 
қасқырсың) сынды ақындардың ханға қарата айтылған батыл 
сөздерінен байқауға болады. Ханды би, батыр, жырау реті келгенде 
белгілі бір деңгейде сынауға құқылы болған десе де болады. Сынау, 
біріншіден, әділетті болуы тиіс, екіншіден, айтушының әлеуметтік 
мәртебесі жоғары болуы керек және бедел қажет екендігі белгілі 
жайт.
Сондықтан дала демократиясын орнатуға күш салған Қазақ хан-
дары, оны жүйесіз, әсіре демократия түрінде емес, нақтылы далалық 
еркіндік пен жауапкершілік арнасына келіп сыйғыза білді. Сондық-
тан да, бұндай демократиялық дәстүрді нығайтудың, қазіргіше айт-
қанда, стратегиялық бағдарламасын, жалпы әдіснамалық бағдарын 
құрып алу қажеттігіне байланысты хандар өзіндік ережелері мен 
заңдарының құқықтық нормативтерін ұсынды. Тым көне дәуірлерден 
бері сабақтасқан, кейінгі қыпшақ ұлысында, Шыңғыс хан дәуірінде 
нығая түскен бұндай ел басқару жүйесі, кейіннен қазақ хандығында 
да сақталды. Мысалы, Шыңғыс ханның «Йасы» заңы бірнеше жыл-
дар бойы Алтын Орда мемлекетінің заңнамалық-құықтық қана емес, 
өмірмәнділік заңдылығына да айналғандығы белгілі. Осы үрдіс, 
кейіннен, «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», 
«Тәукенің жеті жарғысы» болып қазақ хандығы тұсында сабақтасып 
отырылды. Бұл «Жолдар» мен «Жарғылардың» саяси-әлеуметтік 
қырларына философиялық талдаулар жасап, оның мынадай құн-
дылықтық-мағыналық қырларын туындатуымызға болады:
- олар тек құқықтық-нормативтік кодекстер ғана емес, өмір 
сүрудің жалпы бағдары, ненің дұрыс, немесе бұрыс екендігін 
ұрпақтарына ұсынатын «ғұмыр кешудің жалпылама формуласы» 
іспеттес. 
- ол рухани құндылықтарды, әсіресе, салт-дәстүр мен әдет-ғұ-
рыпты сақтаушы, оны қайта-қайта бекітіп отырушы, ұмыт болма-
уы мен мүлтіксіз орындалуының кепілі, екінші бір қырынан оның 
басқаша пішіндегі, арнайы заңдастырылған кейпі болып та табыла-
ды;
- олар ешқандай да, басқа ұлттардың жағымсыз құндылықтары-
на еліктемейтін, өзіндік төлтума қазақи сараптамалық ережелердің 
жиынтығы болды. Сондықтан, мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан 
халықтың дүниетанымы, ділі, талғамдары т.б. ескеріліп отырылды. 
- олар статикалық діни догмалар сияқты емес, қазіргі заңдар 
сияқты дамытылып, жетіліп, өркендеп отырды. Жоғарыдағы 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет