М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент


Әлемнің рухани-адамгершілік тәжірибесі



Pdf көрінісі
бет100/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

3 Әлемнің рухани-адамгершілік тәжірибесі: 
қазақ хандығы кезеңінің қалыптасуы (X
V
–X
VIII
 ғғ.)
97 
билік пен бағынушы қатынасындағы және жалпы «ұлттық» бірлік пен 
оның табиғи болмысындағы маңызды буын, әрі үлкен жауапкершілік 
пен еркіндіктің аймағындағы көпқұрылымды жан иесі. Сондықтан 
ол құрылымды былайша таратып көрсетуімізге болады. 
Саяси-әлеуметтік тұрғыдан алғанда, Хан, біріншіден, далалық 
еркіндік пен азаттық рухының жаршысы және оны тәжірибе 
жүзінде іске асырудың негізгі орталығы; екіншіден, бұндағы Ер-
кіндік – таза абсолютті немесе шектен шыққан бейберекетсіздік 
емес, ол – әлеуметтік деңгейде белгілі бір жауапкершіліктермен, 
түсіністіктермен, келісімділіктермен шартталып отыруы тиіс 
екендігінің бақылаушысы және осы еркіндіктің мәдени-әлеуметтік, 
онтологиялық мағынасын терең түйсінуші болып шығады; үшін-
шіден, ол ұлт азаттығы мен бостандық туралы ақпараттық, 
рухтандырушылық жан иесі және ықпалдылығы әлеуметтік 
мәртебесімен айқындалатын дара тұлға; төртіншіден, ұлттық 
бостандық сүйгіш дүниетанымды, дала адамының азаттық ру-
хын терең меңгерген жинақтаушы жалқы өкіл; бесіншіден, өзге 
халықтармен саяси-әлеуметтік қарым-қатынастың, мәдени-рухани 
сұхбаттастықтың қалай жүзеге асатындығын қалыптастырушы сая-
саткер т. б. 
Хан мәдени-экзистенциалдық тұрғыдан қарағанда, біріншіден, 
«сенің өміріңнің бөлігі – менің өмірім» деген қағиданы әлеуметтік 
тұрғыдан өзгелерге арнайтын, физикалық және психологиялық 
«шекаралық жағдайлы» жан иесі; екіншіден, өзінің ішкі рухының 
асқақтығы мен Меніне халқының Рухын жетелейтін жауапкершілікті 
тұлға; үшіншіден, ұлт болмысының жасампаздығының куәгері
т. б. Мысалы, ол елдегі әрбір субьектінің өмірі мен тағдыры ханның 
ұстанған саяси бағдарына тікелей байланысты деп айтсақ та болады. 
Нақтырақ айтқанда, егер хан сол сәтте жауларымен соғыспай бітімге 
келсе, қаншама адамның өмірін сақтап қала алады, ал ұрыстағы жау 
қолына түскен тұтқындар мен шәйіт болғандар да белгілі бір деңгейде 
осы хан шешіміне қатысты. Хан сонымен қатар, тек теориялық қана 
әмірші емес, таза тәжірибелік, өз тағдырын халқының тағдырымен 
бірге бөлісетін, ұрыстарға бірге аттанатын, оған белсене араласа-
тын жауынгерлік қасиетті де бойына жинақтаған жан иесі. Өйткені, 
түркі-қазақ ділі мен дүниетанымында, сайланған хан да, оған дейін 
ұрыстарда ерлік көрсетіп көзге түсуі тиіс болған. Бұл дәстүрді Абы-
лай ханның жекпе-жек ерліктерін мысалға алып түсіндіруімізге де 
болады. 
Бірақ қазақ халқында хан тек авторитарлы билеуші емес, дала 
демократиясына сай келетін жалпыхалықтық теңдіктің тамаша 


98


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет