М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент



Pdf көрінісі
бет99/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

Қазақтардың рухани әлемі: 
әл-Фарабиден Абайға дейін
рын тыңдауға жиналады. Немесе, ақын, жыршының шығармаларын 
сол сәтте шәкірттері тыңдап жаттап алмаса, ол мәңгілікке жоғалады, 
сондықтан, оның әрбір туындысының өзі аса құнды болып табылады. 
Осыған байланысты, біз бүгінгі күнге дейін келіп жеткен түркі-қазақ 
фольклорының қаншамасы ұмыт болғандығын бағамдай аламыз.
Олай болса, ауызша мәтіндердің тек мазмұны ғана емес, оның 
ауызша таралуының өзі халық даналығының айқын бір көрінісі 
деп тұжырымдай аламыз. Сонымен қатар, бұл туындылардың 
әрқайсысының мазмұны жоғарыда айтылғандай, этикоцентризм 
ядросының перифериясында орналасқан және одан тыс та бола ал-
майды.
Демек, біз, осы ауызша мәдениет туындылардағы руханилықтың, 
адамгершіліктің, өнегіліліктің – мәдениеттанулық, әлеуметтанулық, 
саясаттанулық, психологиялық қырларына философиялық тұр-
ғыдан талдаулар жасап, олардың өмірмәнділік, онтологиялық, 
эстетикалық, логикалық астарларын ашып беретін боламыз.
Қойылып отырған мәселе «Қазақ хандығына» байланысты 
болғандықтан, біз, алдымен, еліміздің саяси жүйесіндегі негізгі құ-
рылымдарды, ел басқару жүйесіндегі иерерхиялық қатынастарды 
және жалпы қазақ қоғамындағы рухани тұлғалардың (зиялылар, 
ақсүйектер) келбетін басшылыққа ала отырып, «Хан (І) – Би (ІІ) – Ба-
тыр (ІІІ) – Жырау (ІV) – Ақын (V)» түзілімін қиыстырып қарастырамыз.
І. 
Хан
. ХV–ХVІІІ ғасырдағы қазақ даласындағы дүниетаным: 
хандық, билер, батырлар мен жыраулар институты тарихи 
мәліметтер мен деректер бойынша, түркі халықтарының жекеле-
ну және тарамдалу үдерістерінің нәтижесінен қазақ хандығының 
құрылып, халқымыздың төл дүниетанымның қалыптасуы мен даму 
кезеңі болып саналады. 
Бұл кезеңдегі саяси-әлеуметтік билік пен әлеуметтік мәртебе – 
хандар, билер, батырлар дүниетанымын және өмірлік ұстанымдарын 
әйгілеумен жалғасын тапса, рухани-мәдени кеңістіктегі – эпостық 
дәстүр, жыраулық поэтифилософия, әдет-ғұрып пен салт-дәстүр, 
мақал-мәтелдер мен аңыз әңгімелердің т. б. терең өмірмәнділік 
тұжырымдары тұтаса келе, қазақ дүниетанымының жалпы 
бағдарларын айқындай алады. Осыған сәйкес, бұлардың әрқайсысы 
өзіндік ерекшеліктерімен айғақталады.
Хандық институт ғұн-сақ заманынан сабақтасып келе жатқан 
ел билеудің өзіндік бір үлгісі және дала демократиясының айқын 
көрінісі болып есептеледі. Бұл атау түркі қағанатындағы билеуші 
тұлға «Қаһан» сөзінің дыбыстық өзгеріске түскен түрі. Хандық ин-
ститут тек саяси-әлеуметтік қана емес, қоғам мен адам арасындағы, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет