Қазақтардың рухани әлемі:
әл-Фарабиден Абайға дейін
3 ӘЛЕМНІҢ РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК ТӘЖІРИБЕСІ:
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ КЕЗЕҢІ (ХV–ХVIII ғғ.)
3.1 Қазақ хандығы дәуіріндегі рухани-адамгершілік
құндылықтар
Этностың эволюциясында ұлттың өміршеңдігі, оның белгілі бір
хронологиялық уақыт аралығында әлсін-әлсін қайталанып отыратын
үдеріс – бірегейленуімен, өзін тануымен, қайта жаңғыруымен келіп
тоғысады немесе бұл үдерістер ұлттың өміршеңдігінің алғышар-
ты болып табылады деп айта аламыз. Ж.П. Сартр адам болмысын
өзі жасап, өзі қалыптастыратын болмыс ретінде танып, адамның
абсолютті еркіндік идеясын ұсынған болса, біз оны этносқа қатысты
ұқсатып, жалпылап, оны ұлттың қайта жаңғыруының үлгісіне апара
аламыз. Ендеше, ұлт та өзін-өзі жасап, қалыптастырып, өркендету
ісінде өзіне-өзі барынша ерікті болып шығады.
Түркі-қазақ тарихында осындай бірегейлену үдерістері бірне-
ше рет қайталанғандығы белгілі. Кезінде сыртқы жаулар мен ішкі
алауыздықтан ұлтымыз бірнеше рет құлдырауға ұшырап, жойылып
кетуге шақ қалған болатын, сол бір сәттерде осы бірегейлену ғана
ұлтты сақтап қалды. Оның бір ғана мысалы, 1986 жылғы көтеріліс
болатын.
Сол бір кезеңдерде «Қазақ халқы өзінің ұлттық рухын әбден
жойды» деп есептеген Ресей билігі, шындығында, қателескен болып
шықты, олар бұндай бас көтеруді күтпеген еді. Қайта жанданған
«Ұйқыдағы ұлттық рух» 1986 жылы оянып, өзгелерге өзін танытып
қана қойған жоқ, өзін-өзі қайтадан таныған болатын. Міне, тым арғы
және бертінгі тарихымызға көз жүгіртсек, бұндай жағдайлар сан
мәрте қайталанғандығының куәсі боламыз.
2015 жылы тойланып өткен Қазақ хандығының құрылғандығына
550 жыл толуына орай жасалған мерейтой осы біртектілік арқылы
бірегейленудің заңды жалғасының айқын көріністерінің бірі болып
табылады. Бүгінгі таңда осы біртектілік тек тарихи, әлеуметтік, сая-
си тұрғыдан ғана емес, генетикалық негізде де дәйектелген: «Әрине,
Қазақ бір ұлт, бір ел ретінде ғасырлар тоғысында қалыптасты, Үш
жүз – генетикалық тұрғыдан бір-бірімен туыс. Оларды бір-бірінен
|