Байланысты: Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін
Қазақтардың рухани әлемі: әл-Фарабиден Абайға дейін басымдығы сақталды. Ясауи, Қашқари, Баласағұни, кейінірек
Әлішер Науаи түркі әдеби тілінің нығаюына көп қызмет етті және
түркі, араб және парсы тілдерін жинақтады. Егер Қашқари түркі
халқының халық фольклорын, дәстүрі мен салтын жинақтап, тілдік
және әдеби өзарабайыту мақсатында «Диванды» жазған ғалым-
лингвист болса, Баласағұни шығыс жанрында өзінің «Құтадғу-білік»
шығармасын хакан тілінің дегдарларына жазды, ал Ясауи «Хикметі»
халықтық түркі тілінде, халыққа арналып жазылды.
Хикметтерінің басты идеяларының бірі – халыққа, өз туысы
мен Отанын жоғалтқан ғаріптерге, жетімдер мен жиһангерлерге
арналған. Ясауи мен оның шәкірттерінің, әсіресе Сүлеймен Бақыр-
ғани тілі монғол жаулап алуының алдында шағатай тілінің ізімен
жүрсе, кейін Әлішер Науаидың керемет «Хамсасының» тілі болды.
Ясауи – түркі әдебиетінде орта ғасырда кең тараған және қазір
де түркілік Шығыста кең тараған әдеби жанр болып табылатын –
«мода» жанрының негізін салушы болды. Бұл жанр араб және парсы
әдеби дәстүрін қайталамайды, түркі классикалық әдебиетінің өзіндік
жанры және тамыры көнетүркілік эпикалық әдебиетке кетеді.
Бірақ Ясауи жәй ғана ақын-лирик болған жоқ, ол ақын-ше-
шен, хәкім болды. Оның хикметтері адамды билік иелері мен
діни қызметкерлердің: молдалар мен ишандардың зұлымдығына,
әділетсіздігі, дүниеқоңыздығы мен сараңдығына қарсы күреске ша-
қырады. Ол өзі және басқа адамдарды жетім-жесірлерге, бөтен елде
көшіп-қонып жүрген кезбелерге көмек беруге шақырады. Ол халық-
ты махаббатпен өмір сүруге, өзаракөмек пен достыққа шақырады.
Бірақ ол халықтың және белгілі бір адамның бақытты өмірге
жету жолын көрсетті ме деген сұрақ туады? Иә! Бұл Жол – Ал-
лаТағалаға және жақыныңа деген махаббат Жолы! Құдайға және
адамға деген махаббат, Ақиқатқа деген махаббат және Жанның
Тазалығы әр адамды және барлық халықты бақытты етеді, яғни
ол барлық түркі халқына түсінікті – адамгершілікті уағыздайды.
Оның уағызы бос қалған жоқ, Құдайға, Ақиқатқа және адамдарға
қызмет ету жолын, адам қандай болуы керек екенін өзі көрсетті.
Бұл – еш шабуылсыз және қантөгіссіз шығыс дүниетанымына сай
дәстүр. Тәубе мен сабырлылық арқылы, Махаббат пен Бақытқа
жету мен еркіндік Жолы – Ясауи насихаттаған мұрат осы.
Ясауиді хәкім деп есептей отырып, оның өз түркі-мұсылман адаб
мектебін ашқанын айта кетуіміз керек. Өз хикметтерінде ол тариқат
Жолын ғана ашқан жоқ, мұсылманның қоғамдағы әдеп сақтауы мен
этикасын, адамның жеке өз жетістігіне жету Жолын көрсетті.
Ахмет Ясауи түркілік ортада исламды таратушы діни көшбас-
шылардың бірі болды және басқа діни ұстаздармен бірге, ортодоак-