Байланысты: Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін
2 Қазақ халқының рухани әлемі қалыптасуының тарихи контексі: түркілік рухани дәстүр 85
ғылымының дамуына енген ортағасырлық мұсылман ғылымына үлес
қосқан көптеген ғалымдар болды. Осы уақытта әл-Фараби, Қорқыт
Ата, Қашқари, Баласағұни, Иүгнеки және т. б көптеген түпкі фило-
софиясы мен ғылыми ойының өкілдері еңбек етті.
Мұсылман философиялық ойы – фәлсафа өзінің үш негізгі
бағыты арқылы көрініс берді: рационалдық мұсылман философия-
сы, мұсылман теологиясы (калам), сопылық. Бұл бағыттардан басқа
нақты ғылымдардың дамуымен айналысқан ғылыми-рационалистік
бағыттарды ашып көрсетуге болады [9].
Ислам мен түркі философиясы туралы айтқанда сопылыққа
тоқталу қажет. Егер ортодоксалды ислам сопылыққа қарсы шықса,
орталықазиялық аймақтағы ханафийя оған оң көзбен қарады. Та-
саввуф исламда терең тамыр жайды, ол фәлсафаның беделді ағымы
болды. Бірақ бұл жерде бұл аймақта қандай сопылық таралған деген
сұрақ туады?
Тарихқа сүйенсек, бұл жерде негізінен сопылықтың екі бағыты
болған: Құдайға деген сүйіспеншілік жырланған адамгершілік-
этикалық, Құдайға қызмет ету және тану үшін адамның өздігінен
жетілуіне үндеу. Тасаввуфта бұл екі бағыт кейіннен түркі-парсылық
сопылық деген атау алды. Сопылық өзінің этикалық және
рационалды-интеллектуалдық бағытымен тәңіршілдікке қарсы кел-
меді, керісінше әдет-ғұрыпты жақтады. Бірақ сопылық тек қалада,
зиялы қауым арасында ғана тарады. Ал негізгі түркі жұртшылығы,
әсіресе көшпелі өмір сүрген халық тәңіршілдік дәстүрді жақтады.
Көптеген зерттеушілер «әл-Фараби ислам ойшылы болды ма?»,
«Оның көзқарасы ислам догматтарымен сәйкес келе ме?» деген
сұрақтар қояды. Кей зерттеушілер еуропалық дәстүрге сүйеніп,
араб философиясы перипатетикалық, ал әл-Фараби «діни Платон
мен Аристотельді біріктірген», «Екінші Ұстаз» тікелей мұрагер,
ізін жалғастырушы, кейде тіпті көнегрек даналығының жәй түсі-
ніктемешісі деген пікір білдіреді. Басқалары ортодоксалды ислам
мен калам көзқарасының күшейген уақыты жайлы айтып, әл-Мамун
уақытындағы белгілі «жылылықтан» кейін, идеологияда мутазилит-
тер басқарғанда әл-Фарабидің философиялық шығармашылығы
ислам аясында болып, оның догматтарына қарсы шықпаған
деп қорытады. Екі жағдайда да зерттеушілер оның «мұсылман
қауымына жататынын» ашық айтады, бірақ, Аристотель салған
ғылыми және дүниетанымдық рационализм көзқарасын жақтайды.
Бірақ ойшыл шығармашылығындағы түркілік дүниетанымдық және
философиялық дәстүрді айтпай кетеді. Тек әл-Фараби түркі тегінен
шыққан және Фараб қаласында туған деген деректі көрсетеді. Ең ал-