М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент


Қазақ халқының рухани әлемі қалыптасуының тарихи контексі



Pdf көрінісі
бет90/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

2 Қазақ халқының рухани әлемі қалыптасуының тарихи контексі: 
түркілік рухани дәстүр
87 
көптеген ақындар мен сопылар оны Ұстаз атаған? Неге адамдар 
оны қасиетті санаған, қаншама ғасырлар оның кесенесіне барып, 
құрмет көрсетеді, тіпті қажылыққа барумен тең санайды? Неге 
оның хикметтері мыңдаған жылдар бойы біздің замандастарымыз-
ды қобалжытып, ойландырады?
Егер оның мистикалық тармағы ретіндегі еуропалық ислам-
ды оқытатын сопылыққа сүйенсек, Ясауи – мистикалық танымның 
түркілік «жолын» жасаған сопы-мистик, тақуа. 
Ол түркі тайпаларының исламдануына, түркі-көшпенділер ара-
сында исламды енгізуде үлкен рөл атқарды және Түркістан (Шығыс 
Түркістаннан Трансоксианға дейін (Еділ), Әзербайжан, Қорасан мен 
Кіші Азия аймақтарына өз әсерін қалдырған түркі шейхтарының 
бастауына жол ашты. Йасавия шейхтардың мазарлары мен 
ортаазиялық исламда қажылықтың болуынан басқа өзіндік тармағы, 
тұрақты жері жоқ жиһанкездер тарикаты деп есептелді. 
Сонымен бірге батыс зерттеушілері йасавия көптеген діни, 
әлеуметтік және мәдени тармақтары бар, түркі мәдениетінің ерте 
кезеңде қалыптасуының маңызды рөлі бар екенін айтады. 
Түркі халықтары үшін Ясауи – ұлы ақын-лирик, Түркі ренес-
сансы классикалық поэзиясының өкілі. Атақты Жүсіп Баласағұн, 
Махмұд Қашқари, Ахмет Югнеки, Сүлеймен Бақырғани сияқты 
ғалымдармен қатар түркі мәдениеті тарихына өшпес із қалдырған 
түркі фәлсафасының өкілі. Ясауи барлық түркі халықтарына: 
өзбек пен түрікмен, қазақ пен қырғыз, татар мен ұйғыр, түрік 
пен әзербайжандарға ортақ ойшыл болып табылады. Ол осы 
халықтардың барлығының рухани мәдениетіне, тілі мен әдебиетіне 
бірдей әсер еткен. 
Ясауи философияда араб тілінің басым болған кезеңінде, пар-
сы тілінде ғылыми трактаттар жазу мен іс-жүргізуде басқа түркі 
мәдениетінің өкілдерімен қатар түркі тілін жаңа биікке көтерді. 
Көптеген зерттеушілер Ясауи көнеұйғыр тілі немесе ұйғыр-қарлұқ 
тілі мен қарахан дәуірі кезеңіндегі әдебиетте хакан тілі деп аталған 
ерте жазудан өту кезеңін іске асырғандардың алғашқыларының бірі 
болды дейді. 
Бұл тек жаңа тілге өту немесе араб мұсылман және парсы мұ-
сылман мәдениетіне икемделу ғана емес, ең алдымен түркі тілінің 
өзінің табиғи дамуы, тіл негізінде рухани-діни және әдеби ұмтылыста 
түрлі түркі тайпаларын біріктіру, Түркістан аймағында біртұтас 
әдеби тіл құрылуы үшін диалектілік айырмашылықтың болмауы 
еді. Сол кезеңде мұсылман әлемінде түркілік әсердің көп болса да 
(Египеттегі мәмлүктерден, селжүктер мен Орта Азияның барлық 
аймағындағы қарахандықтар билігі) араб және парсы тілдерінің 


88


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет