М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент



Pdf көрінісі
бет87/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

Қазақтардың рухани әлемі: 
әл-Фарабиден Абайға дейін
Таным теориясында ханафийя адам танымның үш амалы арқы-
лы: сезім мүшесі, тарихы және санасы қызмет етеді, ал таным беделі-
не сенім артуға емес, дәлелге негізделеді. Адамдардың іс-әрекетіне 
келсек ол жабариттер мен кадариттер арасындағы «орталық» ұс-
танымда болады. Оның теологиясының ортасы адам әрекетіндегі 
«ихтийар» (ерік бостандығы). «Жарату менен – жаратылу өзіңнен» 
– тәңіршілдікте адам еркіндігіне жауап беретін адамның еркі мен 
әрекетінің дербестігіне Құдайдың рұқсат етуі. «Тариф» – құдай 
танымының еркіндігін беру, «амал» – таным негізіндегі адамның 
қылықтары – адамның дербестігін білдіреді. Калам дәстүрінің не-
гізінде ханафийя онтологиясы әлемнің белгілі құрылымын береді. 
Бұл ең алдымен, сол кездегі тән субстанциясы мен акциденциясы, 
атомизм элементтері, болмыс ілімі жайлы мұсылман ғылымы.
Сондықтан ханафийя теологиясы дін, әлем танымы және адам 
деңгейінде ғылыми негіздейді. Бұл сол кездегі арнайы ғылымның 
дамуына «жеткілікті» еді. Таным теориясының негізгі қалпы «илм-
марифат» – таным, «илм-ал истидлал» – зерделік таным, «акл-мин 
джихати ш-шаварр» – мейірбан зерде және басқалары ғылымдағы 
таным жолдары сипатталған шығармаларға әкелді. 
Ханафийя мен тәңіршілдік идеяларының синтезі сол аймақта 
ғылым мен мәдениеттің дамуына мүмкіндік берді. Орталық азия-
лық мәдениет, оның ішінде түркі мәдениеті әлемге жаңа сапада 
көрінді. Бұл мұсылман әлемінің бірқатар бөліктері үшін Бұхара 
мен Самарқанд, Отырар мен Қашғар өркениеттің, ғылымның, 
өнердің, оқу ісінің орталығына айналған Саманид мемлекетінің 
өркендеу кезеңі еді. Бұл әл-Бухари (816–878), ұлы теологшы, 
хадистерді құрастырушы Закария Разидің (864–925)
 
уақыты. Бұл 
уақыт жаңалықтары жаратылыстану ғылымында ғылымның да-
муын тұтасымен ұзақ уақытқа анықтаған атақты ғалым-табиғат 
зерттеушілерінің тууына мүмкіндік берді. Әл-Бируни (973–1048) 
– Хорезмде білім алған, математика, физика, астрономия (Күннің 
зодиак арқылы қозғалуы), аспан денелерінің қозғалуы, оптика, ми-
нералогия, тарих, метеорология мәселелерімен айналысқан, Жердің 
шар бейнелі екендігі туралы идеяны алғаш рет дәлелдеген. Атақты 
Ибн Сина (980–1037) – Бұхарада туған, математика, физика, логика 
бойынша жұмыстары, философиялық және медициналық трактат-
тары, кейінгі дәуірдің ғылымының дамуына үлес қосты. Омар Хай-
ям (1040–1123) – Нишапур тумасы, математик, невклид геометрия-
сын ашқан, дәлдігі жағынан гриогриан күнтізбесін басып озатын 
күн күнтізбесін (наурыз күнтізбесі) қалпына келтірген астроном, ру-
баиларын бүкіл әлем білетін ақын. Тағы да жаңа уақыттың еуропа 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет