Байланысты: Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін
2 Қазақ халқының рухани әлемі қалыптасуының тарихи контексі: түркілік рухани дәстүр 89
сальды исламмен бірге әруақтарға сену, әулиелер мен олардың ке-
ремет әсеріне, олардың мазарларына сиынуы т. б. болған түркілік
исламның негізін салушы. Бұл сөздердің дәлелі ретінде мыңдаған
жылдар өткен соң осы аймақтағы түркі халықтарының ортасында
тағы да бір - Ясауи мавзолейіне үш рет бару қажылықпен тең деген
көзқарас пайда болды.
Ясауи ешқашан садақа алмаған, ешқашан өз шәкірттерінен
ақша алмаған, ол адам ешқашан арамтамақ болмау керек, өз нанын
еңбекпен табу керек дейді, ол өзі талдан керек-жарақтарын жасап
өмір сүрген.
«Ажалдан бұрын өлу». Бұл жерде кей ортағасырлық түркі, араб,
парсы ақындарының сопы деп аталғанымен негізінен оған жатпай-
тынына кейбір заманауи зерттеушілермен келісу керек. «Сопы»
– Тариқат жолымен жүретін, сопылық практикамен айналысатын
адам және әмутасаввуфа» – ақын-ойшыл, философ.
Егер көптеген сопылар «вахдативуджудамен» (болмыстың бірлігі)
айналысса, Ясауи «вахдатимавджуд» (ақиқат бірлігі) тұжырымына
жақын. Біріншісі Құдай – бұл Әлем десе, екіншісі Әлем – Құдай
дейді. Екінші тұжырым жалғыз шындық Құдай, басқалары оның
сәулесі, бұл мәнде адам «ан аль хакк». Сондықтан Ясауи аса қатты
сопы болған жоқ, пантеистік ағымдағы сопы болды, ол орташа
сопы – діни философ-дана (бірақ рационалистік-мутазилитам емес,
каламға жақын).
Оның хикметтеріндегі екінші мәселе, ол сопы – 63 жасында «жер
астына кетеді», кей зерттеушілер ол өзіне Жер астынан үйшік са-
лып алып, қалған өмірін сонда өткізді дейді. Бірақ оның хикметтері
аллегориялық мәнде, жасырын, мәні сол уақыт поэзиясына тән.
63 жаста жер астына кетуі өзінің айтуынша, ең алдымен оның
діндарлығын және Пайғамбар алдында шынайы құрметін көрсетуі,
ол Мұхаммедтен артық өмір сүре алмады. Ал жер астына кетуі – бұл
хикметтің рухани және өміршең іске асуы: «ажалдан бұрын өлу».
Ясауи өмір қарбаласынан жәй ғана бас тартпайды, ең алдымен бұл
өмірдегі Тазалық пен Ақиқатқа жетеді.
Сондықтан, ислам түркі ортасында ұзақ уақыт таралды, ислам
біртіндеп және аса сақтықпен түркі халқының салт-дәстүрін сақтай
отырып, түркі мәдениетіне бейімделді. Исламның таралуы кезінде
түркі халықтарының ділімен сәйкес келетін өз негізін пайдаланды.
Әл-Фараби идеясы бүгінде өмір сүруде. Ол Қазақстанның на-
рықтық қатынастар жүйесіне ену кезі мен әлемдік қауымдастықта
рухани және мәдени даму жолын табудағы ең қиын кезеңінде ерек-
ше өзектеліне түседі. Ойшыл бұл үшін жауапкершілікті ізгі басшы-
ға аударады. «Бақытқа жету жолы» трактатында әл-Фараби басқа-