Байланысты: Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін
3 Әлемнің рухани-адамгершілік тәжірибесі: қазақ хандығы кезеңінің қалыптасуы (X V –X VIII ғғ.) 93
бөліп қарауға болмайды. Тіпті көрші ҚХР-ды мекендеп жатқан най-
ман мен Астраханьдағы байбақты бір-бірімен генетикалық туыс.
Бүгінгі қазақ ұлты біртекті – мен мұны батыс, солтүстік, оңтүстік,
шығыс қазақтарынының аталық және аналық ұрпақтарының
аутосомдық (ата-ана генетикалық жүйедегі үлесі) ДНҚ картасын,
яғни, жыныстық емес хромосомдарды зерттеулерді ескеріп айтып
отырмын. Біз 2000-нан астам шақырымдық радиустағы біртектіліктің
дәлелін көріп отырмыз. Яғни, қазақтардың аутосомдық жағынан
үш жүздің: Ұлы Жүз, Ота Жүз, Кіші Жүз өкілдерінің, бір-бірінен
ешқандай айырмашылығы жоқ»[1, 5 б.].
Ұлттық рухтың өзін тануының теориялық жақтарына тоқтала-
тын болсақ, ол ғылыми арнада әрбір сала бойынша зерделеніп,
жаңғыруға қарай бет түзейді. Тарихшылар халқымыздың тарихна-
масы мен ондағы хронологиялық мәліметтер бойынша, саясатта-
нушылар қазақтардың мемлекеттілігі мен оның қоғамдық жүйесі
т. б. негізге ала отырып, педагогтар ұлт руханиятындағы білім мен
тәрбие жүйесін басшылыққа алып сараптаса, философтар руха-
ният болмысының философиялық астарларына үңіліп, халықтық
дүниетанымның сан алуан қырларын жан-жақты жалпылама және
концептуальді түрде зерделейді. Осы орайда, біз ХV–ХVІІІ ғасырлар
аралығындағы Қазақ хандығы тұсындағы ұлт болмысымен келіп
орайласатын рухани-өнегілілік құндылықтарын сараптаймыз. Бұл,
алдымен, сол дәуірдегі ұлт руханиятының негіздерін саралау обьек-
тісі ретінде жүйелеп алу қажеттігін туындатады.
Оның ішінде, біз, фольклорды, яғни, ауызша мәдениет үл-
гілерін басшылыққа аламыз және оларды былайша топтастырып
жүйелеуімізге болады: жыраулар, ақын-жыраулар, билер институ-
ты; әдет-ғұрып пен салт-дәстүр, ырым-тыйымдар жүйесі; саяси
идеология мен ұлттық идея құрылымы; өнер туындыларындағы
көркемдік таным т.б. эпостар мен лиро-эпостар, қисса-дастандар,
ертегілер, аңыз әңгімелер, жұмбақтар мен мақал-мәтелдер т. б.
тарихи-өмірмәнділік толғаныстар. Осы тұста, біз, ауызша мәдениеттің
өзіндік астарларына қысқаша тоқталып өтуді жөн көрдік, себебі,
халқымыздың руханияты мен өнегелілігі, ұлттық рухы осы ауызша
мәдениет үлгілері арқылы толығырақ берілгендігін назардан тыс
қалдырмаған жөн.
Ауызша мәдениеттің қалыптасуы мен даму эволюциясы ар-
ғытүркі-түркі-қазақ түзілімінің тұтас бір дамуының өн бойына
сіңірілген деп айта аламыз. ХVІІІ ғасырға дейінгі дамыған ауызша
мәдениет те түркілік рухани құндылықтарды жаңғырта түсудің,
сабақтастықтың, мирасқорлықтың жарқын үлгісін паш етті. Мұндай