М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент



Pdf көрінісі
бет107/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

Қазақтардың рухани әлемі: 
әл-Фарабиден Абайға дейін
болып құрылуы тиіс, сосын оны өлең шумақтарына айналдыру 
қажет. Міне, олай болса, би-шешендердің ойлау жүйесінің қысқаша 
тізбегін былайша құрастыра аламыз: «Шиеленіскен ақпараттарды 
қабылдау – Терең ой жауабы – Ол ойдың әсерлі болып көркемделуі 
– Поэтикалық мәнерге айналдыру – Шешендікпен (дикция, тон т. б.) 
сыртқа шығарылуы».
Мұндай туа біткен қабілеттермен қатар, адамгершілік қасиеттер 
бойынша да кемелденген тұлға болуы би-шешен болу үшін алғы-
шарт болып табылады. Әділетсіздікті көре білу, мұқтаждарға қол 
ұшын беру, қайырымдылық жасау, үлкенді сыйлап, кішіге ізет 
көрсетумен қатар, хан мен қараға да өз ойын батыл жеткізе алатын 
ержүректілік пен намыс, қаһар мен айбарлылық сияқты этикалық 
сапалар да оның бойынан табылуы тиіс. Себебі, оның адамгершілік 
жағы мүлт кетсе, ол сөзі мен ісі сәйкес келмей «аяқтан шалынады», 
ел-жұрт алдында беделі түсіріліп, сөзіне ешкім де құлақ аспайтын 
болады. Шындығында, ол өз ойын айтарда «қателесуге болмайды 
– қателесу тағдыры оған жазылмаған немесе қателеспеу тағдыры 
жазылған» деген алгоритм құра аламыз. Егер би-шешен адамгершілік 
жағынан олқылау болса, оның сөзіне халық құлақ та аспас еді. Міне, 
би-шешендердің бойынан қаншама игі қасиеттер қатар табылуы 
тиіс, ол өз мойнына қаншама жауапкершілік арқалаған тұлға. 
Демек, бүгінгі таңда да ұлттық руханиятымызға тереңдей еніп, 
оны зерделеу мен қайта жаңғырту қолға алынып отырған шақта 
би-шешендер мектебінен алар тағлым мол. Қазіргі кездегі пар-
ламент пен сот жүйесі – билер институтының арнайы, жүйелі, 
мемлекеттік деңгейде құрылған, қазіргі заманға лайықталған үлгісі, 
болса, «Ақсақалдар алқасы» оның тікелей көшірілген, қайталанған 
нұсқасына сәйкес келеді. 
Әлемдік философияда мен әдебиетте де шешендік пен тапқырлық 
өнері – «риторика» деп аталады. Қазақ даналығындағы билер мен 
шешендердің ұмытылмастай сақталып қалған ұлағатты сөздері – 
«афоризмдер» деген атауға ие болған. Ал Қазыбек би сияқты өз ойын 
анық, дәл, қоңыр үнмен, дауыстап жеткізуді, ортаны ұйыта білуді – 
«ораторлық» қасиет деп атаса, сөздерді анық айтуды – «дикция» деп 
атайды. 
Осы сапалардың барлығын да билер мен шешендер ерікті-
еріксіз түрде тұтасымен меңгеруі тиіс болған. Сондықтан, осындай 
әлемдік тәжірибе мен ғылымдарға да сүйеніп, халық даналығының 
ойлау машығы мен сапалық қасиеттерін негізге алып, би-шешендік 
өнер институтын қайта жаңғырту да ұлт руханияты мен тарихының 
алдындағы борыш. Бірақ, біз, нақ сол билер институтын емес, оны 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет