3 Әлемнің рухани-адамгершілік тәжірибесі:
қазақ хандығы кезеңінің қалыптасуы (X
V
–X
VIII
ғғ.)
103
салы, мал мен ғылымды салыстырып (яки, байлық пен ғылымды),
ғылымның артықшылықтарын біріншіден, екіншіден... деп, тура он
мысалмен дәйектеген Әлі шешен оны жүйелеп көрсетіп берген екен:
«Малдан ғылым артық. Өйткені ғылым әулие-әнбилердің мирасы,
ал мал – перғауын мен Қарынбайдың мирасы; Екіншіден, малдан
ғылым артық, өйткені ғылым сені сақтайды, ал малды сен сақтайсын;
Үшіншіден, малдан ғылым артық, өйткені ғылымның досы көп, ал
малдың дұшпаны көп; Төртіншіден, малдан ғылым артық, өйткені
ғылымды жұмсасаң арта береді, ал малды жұмсасаң азая береді;
Бесіншіден, ғылым артық, өйткені ғылым атақ алдырады, мал
шатаққа қалдырады; Алтыншыдан, ғылым артық. Өйткені ғылым
өзін-өзі асырайды, ал малды бағу, күту керек; Жетіншіден, ғылым
артық. Өйткені ол қиялды қамшылайды, шапағат бергізеді, ал мал
иесіне сараң деген ат ергізеді; Сегізіншіден, ғылым артық. Өйткені
ол жоғалмайды. Мал қолдың кірі, өледі, жоғалады; Тоғызыншыдан,
ғылым артық. Өйткені, ғылым көңілді нұрландырады, адамға ақыл-
ой қосады, ал мал масаттандырады, болған үстіне бола түссін деп,
дүниеқоңыз етеді; Оныншыдан, ғылым артық. Өйткені ғылым
құдайға зәһат, таупиық, ғибадат қылады, ал мал иесінің көңіліне
тәкаппарлық салады».
Сондай-ақ, «біріншіден не жаман», «бірінші тілек тілеңіз» деп
басталатын өлеңдер мен жеті қасиет, үш жаман, үш жақсы, үш
жұрт сияқты – үш тұғырлы бірліктер т. б. 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12
т. б. қазақ нумерологиясындағы мағыналық құндылықтар да осын-
дай логикалық ғылыми айналымдармен келіп түйісіп жатады.
Ал салыстыру бірінші табиғат құбылыстарын айта келіп, ора-
ғытып, қоғамдық өмірге, нақты жағдайларға қарай бетбұрумен
көркемделеді. Бұл тұтас қазақ поэзиясында жиі қолданылатын
шендестіру тәсілі. Сондықтан, бұндай жүйелі логикалық ойлау
шешендік сөздер мен билердің толғауларының құндылығын артты-
рып қана қоймайды, сөздерін дәлелдеу үшін де пайдаланылады.
Би-шешендердің ойлау машығының қадірін арттыратын тағы
бір ерекшелік – тездік, ұшқырлық. Сыртқы ортаға, болып жатқан
оқиғаларға, даулы мәселелерге, хан, батыр, би сияқты әлеуметтік
беделді тұлғалардың қойған сауалдарына сол сәтте тезірек жау-
ап қайтару қажет және ол ұтқыр ой, тапқырлық, терең мағыналы,
өмірмен тығыз байланысты, екі ұшты емес болуы тиіс.
Би-шешендердің даналық сөздері де көп жағдайда өлеңмен
айтылғандықтан, ол суырып салма ақындықты қажет етеді. Ақ-
параттарға тез жауап беру үшін алдымен, мағыналы ой керек, ол
ой қайтадан тұспалданып, көркемделіп, әсерін арттыратындай
104
Достарыңызбен бөлісу: |