Байланысты: Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін
Қазақтардың рухани әлемі: әл-Фарабиден Абайға дейін орамалдары алтынмен безендірілген. Олар ат өмілдіріктерін де мы-
стан жасайды. Керісінше жүгенді, ауыздықты, құйысқанды алтын-
мен әшекейлеген. Темір мен күмісті мүлде қолданбады. Өйткені
олардың елінде алтын мен мыс көп. Ал, әлгі металдар мүлде жоқ
десе де болады», [3] – деп мәлімет береді.
Мәселен, грек тарихшысы әрі географы Страбон (б.з.д. 67 ж. –
б.з. 23 ж.): «Бұрын Қара теңіздің, Дунайдың, Адрияттың жағасында
тұратын халықтар – гипербоейлер, сарматтар, аримаспалар, ал Ка-
спий теңізінің арғы жағында тұратындар – сақтар мен массагеттер
деп аталған», «Массагеттер тек күнді ғана құдай деп санады, оған
құрбандыққа жылқы шалды. Оларда күміс жоқ, темір аз, бірақ қола
мен алтын өте көп. Жазықта тұрса да олар егіншілікпен айналыспа-
ды, қайта көшпенді скифтер сияқты мал бағып, балық аулап тіршілік
етті. Бұл халықтардың тұрмыс-салты, зираттары ортақ. Мінез-құлқы
бірдей, олардың бәрі де дөрекі, жабайы, жаугер, бірақ турашыл –
уәдесінен айнымайды және ат құлағында ойнаған қайсар халықтар
еді», [4] – деп жазады.
Сақтар дәуірінде ер адамдардың барлығына өзінің тайпасын,
жан ұясын, жерін, малын қорғау міндетті еді. Сондықтан да олар
соғыс өнеріне өте шебер болған. Жаугер халық туралы жазылған
қытай деректерінде «олар әрбір істе әйелдерімен ақылдасып
отырғанымен де, соғыс істерін өздері шешеді», [5] – деп көрсетілген.
Десек те, ел басына күн туған шақтарда әйелдер де ерлермен
қатар үзеңгі қағыстырып, соғыс ісіне белсене араласады. Мәселен,
С.И. Руденко сақтар мен мидияндықтар арасындағы ұзаққа
созылған қантөгісті айта келіп, әйелдердің де соғысқа қатысқаны
жайындағы Ктесийдің мына дерегіне сүйенеді: «Сақтардың
билеушісі Зарина еді. Ол сақ әйелдерінің ішіндегі батыл және
күш-қуаты тасыған ер жүректісі болатын. Негізі сақ әйелдері соғыс
қаупі төнгенде өздерінің ерлеріне көмектесіп, бірге соғысады».
Сондай-ақ, сақтардың патшасы Аморг парсы билеушісі Куруштың
(Кир) тұтқынына түскенде Аморгтың әйелі Спарета отыз түмен
ер кісі мен жиырма түмен әйелден құралған әскерді бастап, Куруш
әскерлерінің тас-талқанын шығарады [6].
Сонау замандарда қол бастап, жауына қарсы атой салып, ту
көтерген әйел затының басы болған Томирис, Зарина, Спаре-
та секілді батыр аналарымызды түп-тамыры сақтардан өрбіп-
өскен қазақ халқының тарихынан да кездестіруге болады. Жоңғар
шапқыншылығы кезінде үш жүздің бас қолбасшысы Қабанбай
батырдың қызы Гауһар мен Ресей отаршылдығына қарсы шыққан
Кене ханның қарындасы Бопай сияқты апаларымыздың рухы тереңде
жатқанын көреміз.