М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент



Pdf көрінісі
бет135/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

Қазақтардың рухани әлемі: 
әл-Фарабиден Абайға дейін
аясында қазақ хандығының құрылып, қазақ халқының қалыптасуы 
сияқты күрделі тарихи кезеңдерінің көптеген тұстары көркемдік 
дәрежеде бейнеленуінде. Осы дәуірде Қазтуған, Асан қайғы, Доспам-
бет, Шәлгез, Жиембет, Марғасқа, Ақтамберді, Тәтіқара, Үмбетей, 
Бұқар сияқты ақындардың мұрасы пайда болып, кейін олар ұлттық 
әдебиетіміздің алтын қорына қосылды.
ХV–ХVІІІ ғасырлардағы қазақ поэзиясы, негізінде, жыраулық 
поэзия. Алғашқыда, иыр, иырағу – жыр, жыршы сөзінен шыққан 
жырау аты әрі өз жанынан өлең, жыр шығарушы, әрі бұрыннан 
қалыптасқан туындыларды – эпостық дастандарды жатқа айтып, 
ұрпақ сана-есіне жеткізуші, орнықтырушы қызметін атқарған халық 
поэзиясының өкілі.
Жыраулық поэзия – ғасырлар бойы қалыптасып, дамыған ұлт 
әдебиетінің ғажап көркемдік құбылысы. Жыраулық поэзия көбіне 
қазақта кең дамыған ақындық өнердің түрі, оның шығу тегі, көшпелі, 
жартылай көшпелі өмір сүрген ру тайпалардың бай мұрасы. 
Сондықтан жыраулық поэзияда ауыз әдебиетіне тән ерекшеліктер-
мен бірге жазба поэзияға тән өрнектер де қатар кемелденген. 
Жыраулық поэзияда, әсіресе бұрын ауыз әдебиетінде көп тараған 
толғау жанры, сөз үлгілері кеңінен қолданылған. Толғауда, негізінен, 
терең азаматтық әуен, замана келбеті, ірі қоғамдық, әлеуметтік, сая-
си, философиялық мәселелер мен тақырыптар ерекше орын алады.
Сөз өнерінің толғау түрі ежелгі жазба ескерткіштерінде аракідік 
бар болса да, оның жанр ретінде қалыптасуы ХV–ХVІІІ ғасырларға 
сәйкес келеді. Осы кезеңде ол ерекше өркендеп, биік сатыға көтеріл-
ді. Толғау әуел баста магиялық, тотемдік сипатта, табиғат құбылыс-
тарын адамға түсіндіру, бағындыру қажеттігіне байланысты дүние-
ге келсе де, сөз өнері күрделене, жетіле түсуіне сәйкес қоғамдық, 
әлеуметтік, этикалық, эстетикалық маңыз алып, жанр ретінде 
қалыптасты. Жыраулық поэзияға ұласты. 
Жыраулық поэзияның алғашқы өкілдері эпостық жырлар-
ды шығарушылар, ауызша таратушылар, таратқанда жанынан 
өлең, жыр шумақтарын қосушылар, сәл өзгертушілер, сөйтіп бір 
эпостың бірнеше нұсқасын тудырушылар болғаны сөзсіз. Алай-
да, өкінішке орай, олардың аттары сақталмаған, әуелде сақталса да 
кейін ұмытылған. Сөз жоқ, сол аттары ұмытылған жыршылардың 
феноменалдық еске сақтау қабілеттері, таланттары, дарындары ар-
қасында ғана біздің заманға қыруар туындылар жетті. Көркем сөз 
зергерлерінің бұл ерекше дарындылығы мен қабілеттілігі өзіміздің 
зиялылар тарапынан жоғары бағалануымен қатар, басқа жұрт 
оқымыстыларын да таң қалдырған. Қазақтың ескіліктегі халық 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет