М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент


Әлемнің рухани-адамгершілік тәжірибесі



Pdf көрінісі
бет132/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

3 Әлемнің рухани-адамгершілік тәжірибесі: 
қазақ хандығы кезеңінің қалыптасуы (X
V
–X
VIII
 ғғ.)
127 
себепші болмақ. Бұл деректер қазақ тарихының тамыры тереңде 
екенін, қазақ мемлекеттігінің іргетасы берік қаланғанын дәлелдейді. 
Еңбектің өн бойындағы оқиғалардың тарихилығы, кейіпкерлердің 
өмірде болғандығы, сондай-ақ нақты жыл мерзімдерінің көрсетілуі, 
соғыс қимылдары өткен яки түркі халықтары мекендеген қалалар мен 
елді мекен, жер-су атауларының шынайылығы да қолжазба кітап-
тың мәдени мұра ретінде айрықша маңызын аңғартады. Көптеген 
белгілі дінбасы, оқымысты және қоғам қайраткерлерінің өмірінен 
бағалы деректер табуға болады. Аталған қолжазба кітаптың қазақ 
тіліне аудармасы тарихшы-этнограф ғалымдардың осы саладағы 
жаңа зерттеулері мен ізденістеріне тың жол ашарына сенімдімін.
Бұған қоса, Әбілғазы Баһадүр ханның «Шаджара-и ат-түрки», 
Қадырғали Жалаиридің «Жамиғат тауарих», Бабырдың «Ба-
быр-нама», М.Х. Дулатидің «Тарихи-Рашиди», Шәйбани ханның 
«Шәйбани-нама» сынды тарихи-мемуарлық шығармалары да қазақ 
тарихынан мол деректер бере алады. Осындай еңбектерді қайта 
қарап, зерделі ғылыми ой елегінен өткізу де жақсы нәтижелерге 
жеткізері хақ. 
Сөз өнері өмір шындығының көркем бейнесі десек, әдебиет 
тарихы да халық тарихымен тығыз байланысты. Еліміздің руха-
ни өмірінің жарқын көрінісі, елеулі бір саласы ретінде көркем сөз 
өнері ел тарихымен бірге қалыптасып дамыды. Адам санасы, ой-
өрісі мыңдаған жылдар бойы жетілетін тарихи құбылыс екендігін 
ескерсек, әдебиет адамзат тарихындағы көркем ой жетістіктерінің 
бірі екендігі даусыз ақиқат. 
II
Қазақ халқының қалыптасуына негіз болған ертедегі темір 
дәуіріндегі (б.з.д. VІ–VІІ ғ.ғ.) сақ, ғұн, үйсін, қаңлы тайпалары, б.з. 
ертедегі орта ғасырлық мемлекеттер тұсындағы қарлұқ, оғыз, қи-
мақ тайпалары, дамыған орта ғасырлық мемлекеттер кезіндегі най-
мандар, керейіттер, жалайырлар, қыпшақтар тарихы мыңдаған 
жылдарға созылғандығын назарға алсақ, қазақ әдебиетінің тарихы 
да тереңнен тамыр тартып, одан арғы дәуірден - көне заманнан ба-
сталады. Сол себепті ұлттық әдебиет тарихының негізгі өзегінің бірі 
қазақ сөз өнерінің тарихи бастауларын дәстүр арнасында дәуірлеу 
сынды ғылыми мәселе өзекті сипатқа ие болып табылады. Бұл 
проблемаларға байланысты тоталитарлық жүйенің өзге ұлттардың 
тарихының даму үрдісін кеңестік тарихпен ғана байланыстырған 
біржақты ұстанымдарына қазіргі тәуелсіздік талаптары тұрғысынан 


128


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет