М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент



Pdf көрінісі
бет133/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

Қазақтардың рухани әлемі: 
әл-Фарабиден Абайға дейін
батыл тойтарыс бере отырып, қазақ әдебиетінің көне заманнан 
бүгінгі күнге дейін дамуының өзіндік ерекшеліктерін есепке алу 
басты орынға шықты. Негізінде әдебиет дамуының кезеңдерін 
халықтың жалпы тарихи даму үрдісін дәуірлеуден бөлек алып 
қарауға болмайды. Қазақ әдебиетінің жүздеген ғасырлар бойғы 
дамуының әр тарихи дәуірлерін бажайлағанда әр кезеңді бір-бірінен 
даралап тұратын өзіне тән белгілері мен қасиеттерін, жанрлық, 
көркемдік ерекшеліктерін анықтап алу қажет. Міне, әдебиет тарихын 
дәуірлеудегі Сакулин пікіріне ден қойсақ, дәуірлеудің үш принци-
пі бар. Олар: аналитикалық принцип (хронологияға сүйенеді), 
гетерогендік принцип (әдебиетке әсер етті деген саяси, қоғамдық, 
экономикалық факторларды басшылыққа алады), автономдық яки 
автогендік принцип (өнердің өз ерекшелігін негіз етеді). 
ХV–ХVІІІ ғасырларда ежелгі қазақ жерінде Қазақ хандығының 
қалыптасу үдерісі тәмамдала басталды, әр тараптағы ру, тайпалар-
дың өзара жақындасуы, бірігуі жиіленіп, халық ретінде ұйысып, ортақ 
тіл, жазу үдей түсті. «Қазақ» атауы орнығып, тарихи құжаттарда да, 
көрші елдерде де осы аймақ тұрғындарын «қазақ» дейтін дәрежеге 
жетті» [9] − деп жазды П.Н. Сакулин. 
«Қазақ» этнонимінің мазмұны, сыры, шығу тарихы, аңыз-
әңгімелері көп жыл бойы зерттеушілер назарында болғанымен, 
тиянақты тұжырымдар аз.
«Қазақ» сөзінің ертеде ескерілуі мұсылмандық жазба ес-
керткіштердің бірінде, атап айтқанда, шамасы Мысыр елінде 
1245 жылы аты белгісіз автор құрастырған түрік-араб сөздігінің 
қолжазбасында Германияның Лейден қаласында 1894 жылы басыл-
ған еңбекте кездеседі.
Мұхамед Хайдар Дулатидің «Тарихи-Рашиди» аталатын ең-
бегінде және басқа құжаттарда «қазақ» атауы және термині әуелде 
Барақ ханның ұрпақтары – ағайынды Жәнібек пен Керей бастаған 
рулар мен топтар бөлінуіне байланысты туғандығы айтылды. ХVІ 
ғасырда қазақ халқы өзінің этникалық территориясында әбден 
орнығып, қазақ елі атанып, дамудың жаңа сатысына көтерілуге бет 
алады, жазба деректерде «Қазақстан» терминімен атала бастайды.
Қай кезеңде де болсын,
жеке ұлт болып қалыптасу барысында 
елдік мұраттардың қатарласа жүретіндігін ескерсек, бүгінгі тәуелсіз 
еліміздің ұлттық әдебиетінде мемлекеттік тұрғыда бағаланып, 
өміршеңдік сипатқа ие болып отырған тәуелсіздік идеясының 
түп-төркінін көне ғасырлардағы тасқа қашалып жазылған көркем 
шығармалардан, «Оғыз-наме», «Қорқыт ата кітабы», «Диуани лұғат 
ат-түрік», «Кодекс Куманикус» сынды туындылардан, сондай-ақ, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет