Байланысты: Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін
3 Әлемнің рухани-адамгершілік тәжірибесі: қазақ хандығы кезеңінің қалыптасуы (X V –X VIII ғғ.) 129
хандық дәуір тұсындағы жыраулық поэзия мен оған іргелес дамыған
ақындық өнердегі ел болу, мемлекет құру сынды іргелі бастама-
лардан іздеуге ұмтылыс жасауымыз заңды құбылыс. Бұл тұрғыда
Н. Келімбетовтің: «Ежелгі түркі дастандарының ту етіп көтерген
негізгі идеясы – елдің тәуелсіздігі үшін жан аямай күреске шығу
болды», [10] – деген тұжырымы сол алмағайып кезеңдердің өзінде-
ақ, тәуелсіздіктің қаншалықты маңызды болғандығын байқатады.
Сөзіміз дәлелді болу үшін қазақ әдебиетіндегі бірден бір тарихи жыр
саналатын Күлтегін жазбаларына үңіліп көрелік:
Тәңірі жарылқады, Өлімші халықты тірілттім, Жалаңаш халықты, Кедей халықты бай еттім. Аз халықты көп қылдым [11] – дейді автор.
Жырдағы үзіндіден халықтың тарихи-әлеуметтік жағдайы қылаң
беріп, қыспақта қалған еліне азаттық сыйлап, дұшпанын бағындыра
білген қаһарманның батыл да еркін қимылы аңғарылады. Келесі:
Тізеліні бүктірдік, Бастыны еңкейттік... Еліміз қайта ел болды, Халқымыз қайта халық болды, [12] – сарынындағы шумақта
ерлікті, тәуелсіздікті дәріптеп, өршіл рухта толғаған айбынды қол-
басшының бейнесі суреттелген. Ал, «Оғыз намедегі»:
Ей, ұлдарым менің, Мен басымнан көп нәрсе өткіздім, Талай-талай шайқасты көрдім, Садақ тартып көп оқ аттым Дұшпандарымды жылаттым, Достарымды күлдірдім. Көк Тәңірі алдындағы парызымды өтедім, Ел-жұртымды сендерге табыс етем, [12, 107 б.] – деген жолдардан
Оғыз ханның елі үшін қаншама ерлік істер атқарғанын аңғару қиын
емес.
Қилы-қилы тарихи кезеңдер аясында қазақ сөз өнері де жал-
ғасын тапты. Қазақтың бай фольклоры
мен ежелгі ортақ жазба
ескерткіштер негізінде қалыптасып дамыған ХV–ХVІІІ ғасырлар по-
эзиясы – қазақ халқының ықылым замандар бойы жасаған сөз өнері-
нің, тума әдеби қазынасының үлкен бір саласы, құнды мұрасы. Бұл
мұраның ең басты қасиеті – ХV ғасырдың ортасы мен ХVІІІ ғасырлар