Байланысты: Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін
3 Әлемнің рухани-адамгершілік тәжірибесі: қазақ хандығы кезеңінің қалыптасуы (X V –X VIII ғғ.) 137
иман, елдік пен ерлік тақырыбын дамыта жырлаған. Демек, арғы
Қарахандар дәуіріндегі шығармаларда жырланған мемлекетшілдік,
дидактика мәселелері жыраулар поэзиясында да лайықты орын
алғанын көреміз.
Көне түркі шығармаларында елдің жеке мемлекет болу үшін
жүргізген әр алуан шайқастары, батырлардың көзсіз ерліктері жыр-
ланып келсе, [12, 58 б.] орта ғасыр шығармаларында адамгершілік,
адамдардың бір-бірімен қарым-қатынастары, мораль, этика мәсе-
лелері ақындардың басты тақырыбына айналған. Ал, жыраулар
поэзиясында өзіне дейінгі туындылардағы дидактикалық мазмұн-
сипаттары сақталып, сонымен қатар заман шындығы мен дәуір сы-
рын да жыр жолдарына қосады. Қазақ хандығы тұсындағы туын-
дыларда жаңа құрылған мемлекеттің іргесін мықтап, оны сыртқы
жаулардан қорғау, халықты біріктіру идеясы дәріптеледі. Себебі, сол
кездегі жағдайлар заманның шындығын бейнелеуді талап еткен.
Бүгінгі қазақ әдебиетіндегі көркем шығармалардың көне
түркі дәуіріндегі тас жазбалар, Қарахан дәуірі мен Алтын Орда
тұсындағы әдеби жәдігерлер, Қазақ хандығы кезіндегі жыраулар-
дың шығармаларымен ұқсас, мазмұндас болып келетін тұстары
біршама. Атап айтар болсақ, әр дәуірде өмір сүрген қай ақынның
шығармаларын алып қарасақ та, өзі өмір сүрген уақыттағы дәуір
келбетін өлеңдеріне арқау етеді. Мұндай жағдай қазіргі қазақ поэзи-
ясын да аттап өтпеді. Жиырмасыншы, жиырма бірінші ғасырдағы
қазақ әдебиеті тәуелсіздік алған соң жаңаша арнаға түсіп, ұлттық
поэзияға айналды. Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы егемен ел
болуды күткен арман-тілегі қабыл болып, өшкені жанды, жоғалғаны
табылды.
Қазақ хандығы тұсында жыраулар жеке ұлт болып, ел амандығы
мен сырт жаудан қорғану сарынын толғаса, арада екі-үш ғасыр
өткенде қазақ поэзиясында отаршылдықтан құтылып, тәуелсіз мем-
лекет болғанын жар сала жырлаған көркем шығармалар көптеп
жазылды. Ақындар өлең табиғатын жаңаша түлетіп, биік сатыға
көтерді. Мысалы, ақын Т.Медетбек «Қапалы ой» атты өлеңінде:
Күндердің күні болғанда Айым мен күнім толғанда, – Жарқырап жұлдыз көктегі, Құйылып нұрдың төккені! Ашылып тірлік көктемі, Қара нар келіп шөккені! Көріктей керіп өкпені Гүлдердің қаптап кеткені!