М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент


Әлемнің рухани-адамгершілік тәжірибесі



Pdf көрінісі
бет138/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

3 Әлемнің рухани-адамгершілік тәжірибесі: 
қазақ хандығы кезеңінің қалыптасуы (X
V
–X
VIII
 ғғ.)
133 
Ойыл көздің жасы еді,
Ойылда кеңес қылмадың,
Ойылдан елді көшірдің.
...Еділ деген қиянға,
 Еңкейіп келдің тар жерге,
 Мұнда да кеңес қылмадың
[14, 25 б.] 
Осылайша Асан Қайғы Жемнен, Ойылдан, Еділден көшкеніне 
наразылық білдіре отырып, сол кезеңнің бейнесін, яғни, келешектегі 
қазақ елінің тарихын түбегейлі өзгерткен оқиға, Қазақ хандығының 
құрылған кезін көз алдымызға әкеледі. Кезінде қазақ тарихының 
зерттелуіне мол үлес қосқан Т. Сұлтанов осы оқиға жайында бы-
лай дейді: «Тарихтың қалыптасуы да қызық: кейде қоғамды дүр 
сілкіндірген айқай-шулы оқиға көп ұзамай ұмытылады да, өткен 
шақтың қатардағы ғана фактісіне айналады, ал кейде керісінше, 
жай ғана оқиға, елеусіз ғана құбылыстың өзі әр түрлі жағдайдың 
өріс алуына қарай ел мен оның тұрғындары тағдырында адам 
нанғысыз айрықша орын алуы мүмкін. Бұған Қазақ хандығының 
құрылуы толық мысал бола алады» [15]. Олай болса қазақ халқы-
ның мемлекеттік дәрежеге көтерілуге үлес қосқан тұлғалар – ұлы 
хандардың жыраулар поэзиясының негізгі де басты кейіпкеріне 
айналуын сол кезеңнің өзі талап етті. Сонымен қатар кез келген 
жыраудың жыр-толғауында ел қорғаған ерлердің ерен бейнесі сом-
далып отырды. Ойдан шығарылған персонаждардың мүлдем бол-
мауы да жыраулық әдебиет үшін қалыпты жағдай болатын. «Ойдан 
құрастырылған тақырып көбіне өз-өзімен тұйықталып қалады, ал 
егер әдебиет болған жайды ғана айтса, тек шынымен болған тарихи 
фактілерді атап, шынымен өмірде болған адамдар жайлы әңгімелесе, 
ондай әдебиет адам өмірімен тұтастықта болады», [16] деп, академик 
Д. Лихачев пайымдаса, белгілі ғалым Ш. Елеукенов: «Әдебиетіміз-
дің негізгі көркем объектісі – адам, ел, жер тағдыры. Осыдан туын-
дайтын маңызды тақырыптың бірі – ел тізгінін ұстайтын мықтылар 
хақында. Көп уақытқа дейін өзге елдердің патшалары жақсы 
аталғанда, біздің хандарымыз шетінен жаман аталып мансұқтала 
беретіні сан айтылды...» [17] деп, өзіндік ой қорытады. Осыған орай 
жыраулық әдебиеттің жарыққа шығуы, әсіресе Хандық дәуірде елінің 
басын біріктіріп, халқы үшін қыруар іс тындырған ел билеушілердің 
тұлғалық тұғырын халқымен қайта қауыштырды. Мұның өзі еліміз 
үшін елеулі жетістіктің бірі болып табылды.
Хандық дәуір әдебиетінің бір ерекшелігі – оларда кездесетін 
фольклор үлгілері, соның ішіндегі аңыздардың, көбіне-көп тарих-


134


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет