М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент



Pdf көрінісі
бет139/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

Қазақтардың рухани әлемі: 
әл-Фарабиден Абайға дейін
та болған жайттармен тығыз байланыста өрбитіндігі. Қазақтың та-
рихи тұлғаларына байланысты туындаған аңыздарға тоқталған 
академик С.А. Қасқабасов: «Бұл аңыздарда нақты бір тарихи оқиға 
суреттелмесе де, жалпы сол мезгіл шындығы тарихи бірнеше 
оқиғаны шоғырландыру арқылы көрсетіледі. Мәселен, Тоқтамыс 
жайындағы аңызда сол кезде анық болған Тоқтамыс пен Едіге 
арасындағы (бірде тату, бірде араз) қатынас Хабардин және Сәтемір 
(Ақсақ Темір) деген қаһармандардың араласуы арқылы баянда-
лады» [18] деп атап көрсеткендей жыраулар шығармашылығында 
сомдалатын кейіпкерлер көбіне-көп ел тарихына өшпес орны бар 
тұлғалар болып келеді. Ежелгі жазба әдебиет нұсқаларында мы-
салы, Орхон ескерткіштерінде Күлтегін, Білге, Тоныкөк тәрізді 
беделді бек-батырлардың ерлігі, одан кейін оғыздар дәуірінде 
Қорқыт ата, Оғыз ханның баяны, Алтын Орда дәуірінде Шыңғыс 
хан мен оның ел басқарған ұрпақтарының жорықтары, одан кейінгі 
кезеңдердегі Тоқтамыс пен Едіге, Ақсақ Темірлердің бейнесі көрі-
ніс берсе, Қазақ хандығы дәуіріндегі ақын-жыраулардың өлең, жыр-
толғауларында көбінесе Керей мен Жәнібек, Есім, Қасым, Тәуекел, 
Абылай хандардың бейнесі сомдалады. Мысалы, Сыпыра жырау-
дың толғауларында Шыңғыс хан, Әмір Темір есімдері назарға іліксе, 
Асан Қайғы толғауларының бас объектісі Әз-Жәнібек болып келеді. 
Сонымен қатар, Шалкиіз жырау Би Темір мен Шобан батырды, До-
спамбет жырау Қосай, Досай, Мамайларды, Жиембет, Тәуекел мен 
Есім хан, Жолымбет батырды, Марғасқа Тұрсын ханды, Үмбетей мен 
Бұқарлар Абылай хан мен Бөгембай, Қабанбай, Құттыбай, Қазыбек, 
Жәнібек батырларды жырға қосады.
ХVІІІ ғасырдың аяғында Қазақстан жерінің біршама бөлігі Ре-
сей құрамына енеді, ал ХІХ ғасырдың 60-жылдарында қазақ дала-
сы тұтасымен жауланып империяның құқығы кем, бас билігі жоқ 
езілген отарына айналады. Қазақ жұртының мың жарым жылдық 
ұзақ тарихының ең ауыр кезеңі басталады. Бірақ рухани өмір тола-
стамайды. Орталық дәуірге, зар заманға орай ел мұңын мұңдаған, 
күреске шақырған, жарыққа жол іздеген жаңа әдебиет қалыптасады. 
М. Әуезов, С. Сейфуллин, С. Мұқанов еңбектерінен соң, ара-
да отыз жылдай үнсіздіктен кейін Б. Кенжебаев, Х. Сүйіншәлиев,
М. Мағауин, Қ. Сыдиықов, М. Жолдасбеков т. б. әдебиетші ғалымдар 
жыраулық поэзия мен оның жоғарыда аттары аталған өкілдері жай-
ында зерттеулер жазып, олардың азды-көпті мұраларын жинақтап, 
жариялай бастады. Осы авторлардың қатысуымен «Ертедегі әдебиет 
нұсқалары» (1967), «Алдаспан» (1970), «Үш ғасыр жырлайды» (1965), 
«ХVІІІ–ХІХ ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары» (1962) 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет