М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент



Pdf көрінісі
бет141/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

Қазақтардың рухани әлемі: 
әл-Фарабиден Абайға дейін
нын қалаған жыраулардың ой-арманын кейінгі ұрпақтары ХХ ға-
сырда іске асырып, егемендіктің дәмін татып, қуанышын өлең жол-
дарына қосуда.
Жыраулар поэзиясындағы елдің бүтіндігін сақтау, мемлекет 
болып қалыптасу идеясы – ерекше тақырып ретінде көрінді. Ал-
тын Орда ыдырап, түркі халықтарының өз алдына жеке ұлт ретін-
де қалыптасу тұсына дәл келетін жыраулар шығармашылығында 
ел мен жерді қорғау, біртұтас мемлекеттің іргесін қалау, ешкімге 
тәуелді болмай, жеке, дербес болу мәселелері тереңнен
баяндала-
ды. Сонымен қатар жаңадан ел болып қалыптасу кезеңінде сыртқы 
жаулардың тұтқиылдан шабуыл жасауы ел билеушілері мен оның 
маңайындағыларға, қарапайым халыққа қатты соққы болды. Қазақ 
хандығы құрылғаннан кейін елді біріктіріп, күш жинау арқылы 
сыртқы жауға тойтарыс беру қоғамның алдында тұрған өмірлік 
мәні зор күрделі мәселе болды. Осындай мәселелер жыраулар 
шығармашылығындағы елдік, мемлекеттік мәселелерді жырлауды 
басты орынға қойылуына әсер еткен. «Жеке отау тігіп, өз мемлекетін 
құрған қазақ елі үшін ХV–ХVІ ғасырларда ең басты мәселе – жаңа 
құрылған мемлекетті күшейту мен қорғау болды», [19] – деп жазған 
академик С. Қасқабасов тұңғыш мемлекеттің іргесін тіктеп, нығайту 
барысында жыраулардың ерекше еңбек сіңіргенін атайды. 
Жыраулар сол уақытта мемлекеттің бас идеологы болған, сон-
дықтан олардың қоғамдағы орны, қызметі мен ролі өте жоғары 
деп бағаланады. Асан Қайғы бастаған жыраулар – халқының мұ-
ңын мұңдап, жоғын жоқтағандар, елінің келешегіне алаңдап, ұр-
пақтарының болашағы жарқын болуын қалаған, ел басқару саясаты-
на араласып отырған елжанды ерен тұлғалар. Сонымен қатар олар 
хан мен халықтың арасын жалғастырушы міндетін де атқарды. Кей-
де ханға көпшіліктің арман-тілегін жеткізетін дәнекерші де болды. 
Мысалы, Шәлгез жырау Би Темірге көпшіліктің ойын жеткізіп, оны 
хажылық сапардан тоқтатады: «Темірдің хажылыққа бармақ сапа-
рын айналасындағы қауым мақұлдамайды, бірақ бұл ойын Темірге 
айту және оны тоқтату тек Шәлгездің қолынан ғана келеді деген 
тоқтамға бекиді де, Темірге ренжіп елден кетіп қалған Шәлгезді іздеп 
тауып әкеп, Темірге жұмсайды» [20]. Бұл болған оқиға жыраудың 
қоғамдағы орнын, халықтың оған деген сенімін көрсетеді. Ел ерте-
ңін болжаған сәуегей жыраулар қиын-қыстау кезде хан-сұлтандарға 
ақыл беріп, күрмеуі қиын мәселелерді шешіп отырған.
Ерекше атап өтерлік бір мәселе, Қазақ хандығы тұсында туған 
шығармалар түркі әдебиетінің орта ғасырдағы әдеби жәдігерлерінде 
кездесетін дидактикалық мәселелерді кеңінен қамтып, адамдық, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет