Байланысты: Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін
3 Әлемнің рухани-адамгершілік тәжірибесі: қазақ хандығы кезеңінің қалыптасуы (X V –X VIII ғғ.) 139
Сақ етер тиді саныма, Сақсырым толды қаныма. Жара бір қатты, жан тәтті, Жара аузына қан қатты [23, 36 б.].
Демек, ханның да, қарапайым халықтың да ой-арманын ұш-
тастыра білетін, қиын кезде жанынан табыла білетін, соғыс кезінде
қалың қолды бастап шығатын жыраудың орны бөлек. Мұндай бір
туар тұлғалар еліміздің болашағы үшін қай кезде де қажет болған.
Қазақ хандығы тұсындағы әдебиет деп аталатын бұл дәуірдегі
ақын-жыраулар мұрасы толығымен жетпеген. Олар туралы мәлі-
меттерді тарихи оқиғалар мен қолымыздағы шығармалары арқы-
лы нақтылауға болады. Мысалы, ХVІІ ғасырда өмір сүрген Марғас-
қа жыраудың өмірі мен шығармашылығы сол тұстағы қазақ ханы
Еңсегей бойлы Ер Есіммен байланыстыра қарастыруға негіз бар.
Жыраудың туған, қайтыс болған жылдары туралы нақты деректер
жоқ. Бүгінгі күнге жыраудың «Ей, Қатағанның хан Тұрсын...» деген
жалғыз өлеңі жеткен.
Асан қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз толғауларында дер-
бес ел, ұлт болып қалыптасу тұсындағы жағдайлар үнемі назарда
болды. Ал, Марғасқа мен Жиембет өмір сүрген дәуір – жеке мемле-
кет болып қалыптаса бастаған тұстағы қазақ халқының сыртқы жауға
қарсы күрес кезеңі.
Демек, ежелгі жазба жәдігерліктер мен орта ғасырлық әдеби
туындыларда қылаң беріп, тамырлана бастаған тәуелсіздік идея-
сы орта ғасыр жырауларының дауылпаз жырларымен сабақтаса
келіп, бүгінгі ұлттық поэзияның өзегіне айналып отыр. Бұл туралы
С. Қасқабасов:
«Жалпы, қазақ жыраулары тарихи, қоғамдық және
рухани тұрғыдан алғанда сонау Түркі қағанаты заманына меңзейді.
Әйгілі Йоллығ-тегіннің жазбалары оның Күлтегін, Білге қаған мен
Тоныкөк уақытында елдің бірлігін, бек пен қағанның атақ-абыройын
ардақтаған жырау екенін дәлелдейді. Қазақ жыраулары ежелгі
ұстаздарының дәстүрін толық сақтап, дамыта әрі өз дәуірлерінің
талап-талғамына, болмысына сәйкес өз заманындағы сөз өнерін
тақырып пен мазмұн, идея мен түр жағынан байыта түсті», [24] – деп
тұжырымдайды.
Сөйтіп, жыраулар өз шығармаларында идеалды әміршінің
бейнесін жасады. Сонымен қатар адамдар жоқшылық көрмей
бақытқа кенелген утопиялық қоғамды суреттеді. Өздерінің монолог
түрінде айтылатын толғауларында жыраулар маңызды мемлекеттік
мәселелермен қатар заман мен адам, заман мен қоғам, тұлға мен