М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент


Әлемнің рухани-адамгершілік тәжірибесі



Pdf көрінісі
бет140/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

3 Әлемнің рухани-адамгершілік тәжірибесі: 
қазақ хандығы кезеңінің қалыптасуы (X
V
–X
VIII
 ғғ.)
135 
т. б. хрестоматиялық жинақтар мен Х. Сүйіншәлиевтің «Қазақ әде-
биетінің қалыптасу кезеңдері» (1967), М. Мағауиннің «Қобыз сарыны» 
(1968), Қ. Сыдиықұлының «Ақын, жыраулар» (1974) секілді ғылыми 
монографиялық кітаптар жарық көрді.
Осындай маңызды жұмыстармен М. Әуезов атындағы Әдебиет 
және өнер институтының әдебиет тарихы бөлімі де шұғылданып, 
1976–1980 жылдар аралығында бірқатар ғылыми экспедиция-
лар ұйымдастырылды. Республиканың әр аймақтары мен жақын 
шетелдердегі мұрағат, кітапхана қорларынан көптеген қолжазба 
материалдар жинақталды. 1982 жылы «Ғылым» баспасынан жарық 
көрген «ХV-ХVІІІ ғасырлардағы қазақ поэзиясы» атты жыр жинағы 
сондай тертөкті еңбектің нәтижесінде жүзеге асты. Ә. Дербісәлин,
М. Жармұхамедұлы, Қ. Сыдиықұлы, Ж. Тілепов, С. Дәуітов,
Ө. Күмісбаев, Б. Адамбаев, С. Негимов, Б. Абылқасымов т.с.с. инсти-
тут ғалымдары жыраулар мен би-шешендер мұрасын зерттеу ісіне 
белсене араласып, айтарлықтай жемісті еңбек етті. Атап айтқанда, 
профессор Ә.Дербісәлиннің «Толғау жанры» туралы (1983), «ХV–
ХVІІІ ғасырлардағы қазақ поэзиясы» (1976) секілді ғылыми зерттеу 
мақалалары осы бағыттағы іргелі зерттеулерге жол ашты. Сондай-ақ, 
Қ. Сыдиықовтың «Дала жыршылары» (1989), «Көркемдік өрнектер» 
(1992), Ж. Тілеповтің «Елім деп еңіреген ерлер жыры» (1994), «Қазақ 
поэзиясының тарихылығы» (1995) тәрізді іргелі еңбектері, фольклор-
танушылар Б. Абылқасымовтың «Жанр толгау в казахской устной по-
эзии» (1984), С. Қасқабасовтың «Қазақ хандығы тұсындағы әдебиет» 
(1999) сияқты зерттеулері ғылыми тұрғыдан тың деректемелерімен 
және әдістемелік жаңашылдығымен де құнды.
Қазақ әдебиеті тарихындағы ХV–ХVІІІ ғасырлар ұлттық әде-
биетіміздің бастауы болып табылады. Демек, осыған дейінгі кезеңді 
жалпы түркі халықтарына ортақ әдебиет деп бағаласақ, Қазақ 
хандығы тұсындағы жағдай жеке ұлт болып қалыптасқан халық 
әдебиетінің, мәдениетінің басталуына негіз болды. Сонымен қатар, 
жыраулар поэзиясында жырланған мемлекет құру, оны сыртқы жа-
удан қорғау мен іргесін нығайту сынды бірқатар мәселелер бүгінгі 
күнде де өз жалғасын тауып, поэзияда тәуелсіздікті жырлаудың биік 
белестерге көтерілуіне және дамуына әсерін тигізіп отыр. 
ХV–ХVІІІ ғасырлардағы жыраулар поэзиясының бүгінгі қазақ 
әдебиетімен ұқсастықтары біршама тұстарда айқын аңғарылады. 
Мысалы, жыраулар поэзиясында тәуелсіздікті аңсап, оған жететін 
күнді күтумен болса, бүгінгі қазақ ақындары ата-бабамыз аңсаған 
тәуелсіздікті көзімен көріп, көк байрағы желбіреген сол бір ғажайып 
сәтті жыр өзегіне айналдырды. Елдің қамын, мемлекеттің нығайға-


136


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет