М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент


Әлемнің рухани-адамгершілік тәжірибесі



Pdf көрінісі
бет148/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

3 Әлемнің рухани-адамгершілік тәжірибесі: 
қазақ хандығы кезеңінің қалыптасуы (X
V
–X
VIII
 ғғ.)
143 
Созып тартар күн қайда?! [26, 33 б.] – сарынында жазылған 
толғауы арқылы күрес майданын өз көзімен көріп, шайқастың қақ 
ортасында жаумен айқасқан хас батырдың тұлғасын сомдайды. 
Екі ақын толғауларындағы олардың ерліктерімен қоса суреткерлік 
шеберлігін шындай түсіп, өрлік пен қайсарлық, төзімділік пен 
батырлықты асқақтата бейнелеудің салмағын арттырып тұрған 
«күрең ат», «кіреуке тон», «жез сауыт», «ақ балта», «ақ найзаға», «сай-
гез оқ» сынды бояуы қанық бейнелеуіш сөздер, тұрақты тіркестер, 
ұқсас сарындар мен көркемдік тәсілдер бұдан бір ғасыр өткеннен 
кейін Махамбет жырларынан да көрініс беріп, ұлттық поэзияның 
дәстүрлі желісінен жаңылмай, керісінше, көркемдік тәсіл жағынан 
байи түскендігін дәлелдеді. Бұл туралы Ә. Дербісәлин былай дей-
ді: «Толғаудың дамуы ХVІІІ ғасырмен аяқталған жоқ, ХІХ ғасырда, 
әсіресе, Махамбет шығармашылығында ол идеялық-көркемдік 
жағынан ұсынса қол жеткісіз биік белеске көтерілді» [27]. Махамбет:
Желп-желп еткен ала ту,
Жиырып алар күн қайда?!
Орама мылтық тарс ұрып,
Жауға аттанар күн қайда?!
Арғымақтан туған асылды,
Баптап мінер күн қайда?!
Жалаулы найза қолға алып,
Жау тоқтатар күн қайда?!
[26, 95 б.] – деп, батырларға тән өршіл 
рухта толғаса, Бұқар жырау:
Елдің болат ерлері,
Ердің алып күштері,
Ердің құнын алуға,
Ердің кегін жоқтауға
[26, 111 б.]... – деп келетін толғауында ерлік 
поэзиясына тән рухты оятатын үндеу тастайды халқына.
Қазақ халқының төл тарихында орын алған қилы-қилы тари-
хи оқиғалар, оқиға кейіпкерлері мен батырлар, ел басқарған хан-
төрелер, олардың ерлік, өрлік сипаттары мен бұқара халықтың мұң-
мұқтажы, арман-тілегі ұлттық әдебиетте бұрмаланбай, дәлме-дәл
шынайы көрініс табуында жыраулар поэзиясының алар орны ерек-
ше.
Жыраулар өздері өмір кешкен кезеңде орын алған әрбір тари-
хи салмағы бар оқиғаға араласып, олардың барысын, себеп-салда-
рын дер кезінде жыр-туындыларына қосып, ұшқыр ой, қанатты 
сөздермен шебер сөйлете білген. «Олардың бұл туындылары сол 
болған оқиғаның ізін суытпай, оқиға өткен жердің, сонда қатынасқан 


144


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет