Қазақтардың рухани әлемі:
әл-Фарабиден Абайға дейін
жыраулардың заманындағы әдебиеттің туына айналды. Бұқар
жыраудың жоңғарлар шапқыншылығынан кейін әлсіреген халықтың
келесі бір ұрысқа қарсы тұрар қауқарының жоқтығын, елге тек
тыныштық керек екендігін естіртіп, Абылай ханға наразы үн қатуы
келесі шумақтарда айқын бейнеленген. Жырау:
Ашуланба, Абылай...
Өтіңменен жарылма,
Өкпеңменен қабынба
Орыспенен соғысып,
[26, 85 б] – деп, хан қаһарынан сексенбей, өз
ойын еркін айтып, ел мүддесі тұрғысынан сөйлеп, ханға ескерту жа-
сайды.
Ш. Уәлихановтың айтуынша, Абылай хан «....өз тұсындағы қазақ
хандарының ешбірінде жоқ шексіз билікті иеленген» [29]. Ал, елдің
бірлігін аңсап, ел басқарған басшының шалыс қадамдарын көтере
алмаған халық ханға қарсы көтеріледі. Сол кездері шыққан Көтеш
ақын:
Абылай Ботақанды сен өлтірдің,
Мейрамға не еді сенің жапқан жалаң?
Жанайды бұл күнде босатпасаң,
Болады ертең жесір қатын-балаң,
[26, 108 б.] – деп халыққа сүйеніп,
ханға сес көрсетеді.
Абылай ханның атына қатысты айтылған наразылық толғаулар
Тәтіқарада да кездеседі:
Жау жағадан алғанда,
Ит етектен шалғанда,
Ұрыстан ерлер ығысты,
Абылай да жылысты
[26, 95 б.], – дейді.
Тәтіқара ақын айбарлы Абылайдай ел азаматының жаумен ұрыс
кезіндегі жау әскерінен тайсалғандығын сынға алса, Марқасқа жырау:
Ей, Қатағанның хан Тұрсын,
Кім арамды ант ұрсын!
Хан емессің қасқырсың,
Қара албасты басқырсың
[26, 109 б.], – деп, Тұрсын ханның опасыз
ісіне қарсы тепсіне сөйлейді.
Бұл не деген сөз? Әрине, ақын ең алдымен халық өкілі, ел қорғаны,
сөз қорғаны екенінің дәлелі.
Бұқар жыраудың ел бірлігін көксеген көп толғауларының ара-
сында «Керей, қайда барасың...» атты белгілі туындысының орны
бөлек. Бөліне көшіп бара жатқан елді тоқтатып, қалың жұрттың
|