М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент



Pdf көрінісі
бет153/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

Қазақтардың рухани әлемі: 
әл-Фарабиден Абайға дейін
Шарыштың басын қаққанда.
Абылайлап шапқанда
[26, 77 б.]..., – деген толғауы Абылай ханның 
айбынды келбетін көз алдымызға әкелсе, келесі:
Қалмақты қуып қашырдың,
Қалмаққа ойран салдырдың,
Қабанбай мен Бөгембай 
[26, 76 б.], – жыры арқылы елді жаудан азат 
еткен хас батырлардың ерлігін паш етеді. Ал, Бөгембайдың қалмақ-
қа қарсы тәуелсіздік күрес жолында мерт болған мезгілінде айтқан 
көңіл айту жырында ақын батырды «Алатауға», «Ордаға», «болатқа», 
«қорғасынға», «бүркітке» балайды. Ақын үшін батырдың биіктігі 
жәй ғана биіктік емес – Алатаудай биік, тартқан оғы жай ғана оқ емес 
– қорғасындай оқ, тегеуіріні де бүркіттей екендігі әдемі суреттеліп, 
толғаудағы теңеулер жарасымды үйлесім тапқан. 
Осы іспеттес мадақ толғаулары Бұқар жырауда да кездеседі. Бұқар 
Абылайдың бойынан кереметтей ел басқарушылық қасиеттерін тани 
отырып, жырға қосады:
Ай, Абылай, Абылай,
Ақ сұңқар құстай түледің,
Қылышыңды тасқа біледің 
[26, 91 б.] – деген жолдарда Абылайды 
сұңқар құсқа теңеп, жаудан қаймықпайтын әрі жеңбей қоймайтын 
ер азаматтың өр келбетін сомдауға ұмтылса, Бөгембай ерлігін тіпті 
асқақтата толғайды:
Қиядан қиқу төгілсе,
Аттың басын тартпаған.
Қисапсыз қол көрінсе,
Қорқып жаудан қайтпаған
[26, 69 б.].
Осы ретте белгілі ғалым Ж. Тілеповтің «Бұқар мен Үмбетей 
мұрасы айырықша еңселігімен көзге түседі. Әсіресе олардың 
Бөгембай мен Абылай қатынасқан істерді тізбелеп көрсету арқылы 
ХVІІІ ғасыр әдебиеті дәрежесінде адам образын жасағанын, соған 
талпыныс қылғанын ескеру керек» [31, 53 б.], – деген пікіріне ден қою 
орынды. 
Тәтіқара шығармаларының негізгі идеялық тұғыры тек ел 
тәуелсіздігі мен ел тұтастығы мәселесіне, азаттық жолындағы ерлік 
мұраттарға арналды. Олай болуы заңды да еді. Себебі, ақын өмір 
сүрген кезең – қазақ халқының тағдыры қыл ұшы, қылыш жүзінде 
тұрған нағыз жаугершілік мазасыз уақытқа, нақтылап айтқанда 
бір жағынан жоңғар шапса, бір жағынан қара қытай қыспаққа 
алып, енді бір тұстан орыс отарлауға бел шешіп кіріскен аласапы-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет