Байланысты: Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін
Қазақтардың рухани әлемі: әл-Фарабиден Абайға дейін алынған әлеуметтік-саяси дамудың артық және кемшін аспектіле-
рін байқап, оның әлді және әлсіз тұстарын қабылдады. Тұлға ретінде
Ш.Ш. Уәлихановтың маңдайына өмір бойы орыс-қазақ қарым-
қатынасының өтінде жүріп, қазақ қоғамының Ресейге қарай бет
бұру траекториясы мен орбитасына кірігу жазылған еді. Сонымен
бірге, бұл азаматтың, ғалым мен патриоттың ерікті әрі жауапты
таңдауы да болатын.
Қазақ қоғамының ақсүйек табынан түлеп ұшқан азаматтың да-
муы сол кездегі Ресейдің отар шалғай аймақтарының өкілдері мен
«жат діндегілер» үшін қол жетімді ең тәуір оқу орындарында өтті
және ол жерде әртүрлі терең білім алуға жақсы мүмкіндіктер бол-
ды. Омбы кадет корпусында оқыған кезде де, одан кейін де, оның ай-
наласында Ресейдің тарихына немқұрайлы қарамайтын, оған жан-
тәнімен берілген, Ресейдің мүддесі мен гүлденуі үшін жанын қиюға
дайын адамдар көп болды.
Ресейдің әлеуметтік-саяси дамуы жайлы талқылаулар мен ай-
тыстар Ш.Ш. Уәлихановтың әлеуметтік-саяси проблематикаға де-
ген көзқарасының қалыптасуына ықпал етіп, қазақ халқы үшін
әлеуметтік прогрестің мәнін анықтап, қалыптастыруға мүмкіндік
берді. Мұны А.Н. Пыпин де атап өтеді – «Уәлихановты жақсы білетін
адамдар өзінің ақыл-парасатының бағыты мен ұнатулары бойынша,
Уәлиханов орыс батысшылы болған дейді; ол Ресейді риясыз жақсы
көрді, оның кемшіліктерін көрді және озық адамдармен бірге оның
жаңаруын тілектес еді. Ол алпысыншы жылдардағы қозғалысқа әуес
еді» [4, 84 б.]. И.И. Стрелкова да: «Шоқан Уәлиханов тарихшылар
кейін Ресейдегі алғашқы революциялық жағдай деп атаған маңызды
дәуірдің қоғамдық өмірінің иіріміне тартылды», – деп атап өтеді [5,
61 б.]. Бұл жағдайды 1825 ж. тарихи айырықша оқиғалардан кейінгі
Ресейдің барлық әлеуметтік-саяси дамуы, орыс шаруаларының ауыр
жағдайы және оны басыбайлықтан құтқару үшін күрес, Ресейдің
дамыған еуропалық елдердің даму деңгейіне көтерілуі дайындап
берген еді.
Әлеуметтік прогресс тақырыбы Ресейдің әлеуметтік-саяси ой
өрісі үшін негізгі әрі анықтаушы тақырып болатын. Ресейдегі Ш.Ш.
Уәлиханов заманындағы, сондай-ақ XIX–XX ғғ. шегіндегі әлеуметтік
прогресс түсінігімен байланысты мәселелер шоғыры сан алуан еді.
Оларды орыс зиялыларының соншалықты жан-жақты әрі қызу
талқылауына қарап, біз, ресейлік қоғамның әлеуметтік-саяси ой өрісі
– қарсыластардың шешімдері мен пікірлерінен бұрқырап қайнап
жатқан идеялардың қазаны іспетті болған дей аламыз.
Оның сипатын әлеуметтік прогресс мәселелерін шешудегі
ұстанымдар мен пікірталастар, прогрестің мақсаты, оған жету жол-