М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент


  Қазақ ағартушылығы дәуірі қазақ халқының руханилығының



Pdf көрінісі
бет158/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін


Қазақ ағартушылығы дәуірі қазақ халқының руханилығының
дамуы кезеңі ретінде
153 
4 ҚАЗАҚ АҒАРТУШЫЛЫҒЫ ДӘУІРІ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ 
РУХАНИЛЫҒЫНЫҢ ДАМУЫ КЕЗЕҢІ РЕТІНДЕ
4.1 Қазақтардың рухани өміріндегі Ш.Ш. Уәлихановтың 
әлеуметтік прогресс идеясының маңызы
Біз, прогресс идеясын негіздеп, дәріптеудегі озық тұлғаның рөлі 
қандай болады деп ойланғанда, шын мәнісінде, бұл үдерісте әрбір 
адам мен жеке тұлғаның рөлі қандай болу керек деген түсініктің 
негізін қалаймыз. Мұндай теориялық рәсімнің
әдіснамалық рөлі – 
оны қазіргі мәдениетте жаңа қазақстандық патриотизмді, еліміздің 
демократиялық дамуындағы стратегиялық басымдылықты тәрбиелеу 
процесін түзейтін құрал ретінде пайдалануға мүмкіндік беруінде.
Тәуелсіз Қазақстан тарихы үшін Ш.Ш. Уәлиханов – дәстүрлі 
қазақ қоғамының тарихы мен мәдениетіне терең бойлап, халқының 
болашақ дамуының, тарихта дербес дәрежеге жетуі мен прогрессив-
ті дамуының стратегиясын анықтаған ұлтжанды тұлғаның үлгісі. 
Түркілер мен қазақтардың тарихы мен мәдениетін ауқымды көз-
қараспен шолып, оларды орыс зиялылары мен патшалық само-
державиесы үшін ғана емес, әлемдік ғылым мен мәдениетке таны-
туы Ш.Ш. Уәлиханов шығармашылығын қазақ халқының тарихи 
тағдыры үшін баға жетпес феномен ретінде бағалауға негіз болды.
Қазақ халқы үшін отарлық тәуелділік жағдайында аса қажетті 
әлеуметтік прогресс жөніндегі мәселені ерекше өткірлікпен көтерген 
оның теориялық тәжрибесін бірқатар себептермен жаңа тарихи 
жағдайда қайта ұсынуға болар еді. Біріншіден, мұндай тәжірибе 
өзара мәдени ықпалдар пен мәдени қарым-қатынастардың түйіс-кен 
тұсында пайда болды, сондықтан ол өзара түсіністік философия-
сы дискурсында жинақталған қазіргі көзқарастарға жақын тұрады. 
Екіншіден, шын мәнісінде, Ш.Ш. Уәлиханов өзінің шығармашы-
лық мұрасында Қазақстанда қазіргі мәдениет пен саяси тәжірибе 
басшылыққа алып отырған қазақ даласындағы әлеуметтік прогресс 
түсінігіндегі евразиялық ұстанымды айқындап берген. Үшіншіден, 
оның даму жағынан кенжелеген қазақ қоғамының әлеуметтік 
дамуының мәні туралы түсінігі халық тағдырына алаңдаулы 
қоғамның саяси элитасы мен озық өкілдердің саяси ұлттық сана-
сезімнен бастау алған.


154


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет