М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент


  Қазақ ағартушылығы дәуірі қазақ халқының руханилығының



Pdf көрінісі
бет160/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін


Қазақ ағартушылығы дәуірі қазақ халқының руханилығының
дамуы кезеңі ретінде
155 
тын құндылықтар мен құндылықтық-мәндік бағдарлар жүйесіне, 
әлеуметтік-мәдени және психологиялық ерекшеліктерге, түрлі 
объективті және субъективті сипаттағы факторларға негізделеді.
Қазақ қоғамының дегдар қабатынан шығып, оның саяси пи-
рамидасының шыңынан орын алған Ш.Ш. Уәлиханов, қазақ 
даласының мәдениетін, құндылықтары мен дәстүрлерін бойына 
сіңіріп, тамаша білім алады, өзінің жеке дарынын одан ары дамы-
тады. Оның асқан дарындылығына онымен дос болып, араласқан, 
бірге оқып, бірге жүргендердің бәрі куәлік етеді. Замандас-
тарымыздың қолында А.Н. Потаниннің, П.П. Семенов-Тян-
Шанскийдің, Н.И. Веселовскийдің және т. б. ресейлік қоғамдық 
ойдың және ғылымының көрнекті өкілдерінің естеліктері бар, онда 
Ш.Ш.Уәлиханов тұлғасының алуан түрлі қырлары ашылып, жарқын 
біртумалығы мен әлеуметтік тағдыры айқын көрініс тапқан.
Ф.М. Достоевскийдің Ш.Ш. Уәлихановты өз бауырынан артық 
сүйетіні жайлы және оның қоғамдық-тарихи миссиясы туралы мы-
надай пікір айтуы да тегін болмаса керек: – «…Ресейде сахара мен 
өз халқыңыздың Ресейге қандай қатысы бар екенін алғашқылардың 
бірі болып түсіндіру, сонымен қатар орыстардың алдында Отанына 
көзі ашық жоғын жоқтаушы ретінде қызмет ету» [1, 178–179 бб.].
Ш.Ш. Уәлиханов туған өлкесінің географиясы мен этнографи-
ясын жақсы білген, тамаша эрудит, жан-жақты дарын иесі болған 
ғалым, «соқыр нанымсыз» жаңалық пен белгісіз нәрсені зерттеу-
ге құштар болатын, ол өз елін сүйген, оған жоғарыдан қарамаған. 
«Уәлиханов өз өмірінің мақсаты қырғыз халқына қызмет ету, орыс 
билігі алдында оның мүдделерін қорғап, ақыл-ой қабілетін қайта 
түлету деп білген, – деп жазады А.Н. Потанин» [2, 94 б.]. Халқының 
мұндай қайта түлеуі Ресейдің прогрессивті дамуының арнасында ғана 
мүмкін болады деп санаған ғалым, Ресейді ақсүйектер салондары мен 
ресми қабылдаулар арқылы ғана емес, оның терең қайшылықтары 
арқылы да таныған. Сондықтан, Н.М. Ядринцевтің бағалауынша, 
Ш.Ш. Уәлиханов «өз өмірінің жаңа Құранына табынған»: «қоршаған 
орыстық ортаны жақсы түсінген және онымен европалық өркениет 
топырағында туыстасуға әрқашан дайын болған» [3, 96 б.].
Әлеуметтік-тарихи 
жағдайлар 
тұрғысынан 
келгенде,
Ш.Ш. Уәлихановтың мұндай әлеуметтік-философиялық ұстаны-
мын әдебиетте күрделі әрі әрқилы түсіндірілетін Қазақстанның Ре-
сейге қосылу үдерісінен туындаған контекст қалыптастырды – бұл 
үдеріс жүз жылдан астам уақытқа жалғасты және оның жағымды 
да, жағымсыз да салдары болатын. Сол кездің өзінде қазақтың са-
яси элитасы мұндай бірігудің тарихи қажеттілігін түсініп, таңдап 


156


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет