М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент


  Қазақ ағартушылығы дәуірі қазақ халқының руханилығының



Pdf көрінісі
бет168/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін


Қазақ ағартушылығы дәуірі қазақ халқының руханилығының
дамуы кезеңі ретінде
163 
көк тәңірі деп атаған тылсым күштің бар екенін байқаған» табиғатта-
ғы барлық нәрсеге табынып, таң қалатын жан [7, 50 б.]. Екіншіден, адам 
өлгеннен соң өзінің ұрпақтарына ықпал ететін аруаққа айналады.
Фәни өмірде өзіне түсініксіз Көк Тәңірі күшінің ықпалы сон-
шалықты күшті болғандықтан «пәк сәбидей» адам, ал қазақ 
Даласының адамы нақ осындай болған, өзінің ғарышпен қатынасын 
реттейтін ережелерді орнатып, соларды сол күшпен қарым-
қатынаста басшылыққа алуы тиіс еді. Сондықтан тәңіршілдік – та-
биғатпен бірге өмір сүрген, оны қастерлеген, оған туған сәтінен ба-
стап өлгенше дейін табынған адам үшін шынайы әрі тірі дін.
«Ол табиғаттың ерекше қолдауымен ғайыптан жаралып, кейін 
оның қаһарынан өлуі де мүмкін еді, – деп жазады Ш.Ш. Уәлиханов, 
– бірақ өлгеннен кейін ол табиғаттың билігінен құтылып, аруаққа, 
онгонға, еркін тәңірге айналып кететін» [7, 51 б.]. 
Сонымен, бұл дүниетаным дәстүрлі қазақ қоғамындағы «Адам 
– Әлем» байланысын ұғынудың өзгешелігін танытады және ол,
Ш.Ш. Уәлихановтың пікірінше, бір жағынан материализм болса, 
екінші жағынан – спиритуализм болып табылады, өйткені адам 
өлгеннен кейін аруаққа айналады дегенге сенеді. Адам жер бетінде 
өмір сүргенде Тәңірдің билігін мойындайды және о дүниелік өмірде 
жазасын күтпейді, өйткені табиғат оны күнәлары үшін осы дүниеде 
жазалайды, сондықтан адам табиғатта табиғи тіршілік етудің 
адалдық кодексін жасап алады.
Өзінің бірқатар әдет-ғұрыптары мен салт-жоралары арқылы ол 
табиғатпен үйлесімді қарым-қатынас жасауды бекітіп, оны орын-
дауды талап етеді, оны қастерлеп, оған құрметпен қарау этика-
сын дәріптейді, ал табиғи заттар әлемінен озғаннан кейін, тылсым 
әлемге өзіне лайықты жолмен – рухани тіршілік иесі ретінде енеді. 
Сондықтан, қазақ қоғамының дәстүрлі дүниетанымы үшін ата-ба-
балар аруақтарын құрметтеу, о дүниеге шығарып салғанда салт-
жораларды сақтау және т.б. ұжымдық көшпелі өмір сүру салтының 
күрделі және қиын жағдайымен тікелей байланысты, қатар жүретін 
ережелерді қатаң сақтау аса маңызды еді.
Тәңіршілдік адамды қоршаған табиғи ортаға негізделген көш-
пелі өмір сүру салты мен оның діни тәжірибесінің көрінісі, сол ор-
тада Ғарыш күндіз көшпендіні күннің жарық сәулесімен жылытса, 
түнде Далаға Айдың суық жарығын түсірген, ал сансыз жұлдыздар 
жайлаудан қыстауға аттанған көштің жолын көрсетумен қатар
әлемнің шексіздігін терең сезінуге мүмкіндік беретін.
Бұл дүниетаным, Ш.Ш. Уәлихановтың және басқа да философия 
тарихын зерттеушілердің пікірінше, «нәрестелік күйдегі» адамға 


164


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет