М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент


  Қазақ ағартушылығы дәуірі қазақ халқының руханилығының



Pdf көрінісі
бет176/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін


Қазақ ағартушылығы дәуірі қазақ халқының руханилығының
дамуы кезеңі ретінде
171 
тарихи прогресті даму идеясы арқылы тануға болады, ал даму 
идеясы Германияда философия дискурсына кіріп, сонда өзінің 
негіздемесін табады. Гегель философиясында, оның ойлау теория-
сы мен әлемді түсіндіру тәсілі ретіндегі логикасында ол өзінің ең 
айқын формасын табады. Бірақ, диалектиктің тарихи үдеріс туралы 
ілімі оның пайымдауларындағы ең осал тұс еді, өйткені дәл сонда 
адамзаттың тірі тарихы логикалық схемаға, абстрактілі құрылымға 
айналды.
«Тарих философиясы» деген терминнің өзі Франциядан шық-
қан. Оны М.-Ф.-А. Вольтер ұсынған, ал оның отандасы Ш.-Л. Мон-
тескье қоғамдық прогресті негіздеудің табиғи себептерін табуға 
талпынады. Француздық Ағарту философиясы негізінен қазіргі 
шаққа және оның алдында болған өткенге қызығушылық танытты, 
ал тарих пен бағзы заманға жағымсыз көзқарас қалыптастырды. 
Дегенмен де, бұл үрдіс қазір еңсеріліп, тарих философиясы өткен 
уақыттың маңызды екеніне көз жеткізіп келеді. Оның ауқымы да 
кеңейіп, адамзаттың бүкіл тарихы біртұтас нәрсе ретінде тағылық, 
жабайылық пен балалықтан өркениетті қоғамға қарай жылжуында 
қарастырыла бастады.
Енді Ж.Б. Виконың тарихқа деген көзқарасында айтылған 
идеялар маңызды рөл атқара бастады, онда ол ұлттардың ортақ 
табиғатын негіздеп, тарих түсінігін адамзат мәдениетінің тари-
хы ретінде және әрбір ұлттың үш – құдіретті, ерлік және адами 
дәуірлердегі дамуы ретінде көрсетеді және ол тарих ғылымын 
адамдардың өз шығармашылығы нәтижелерін пайымдауы деп 
түсіндіреді. И.-Г. Гердердің «Адамзат тарихы философиясының 
идеялары» деп аталатын еңбегінің де бұл ой процесінде елеулі 
маңызы бар. Бұл еңбекте ол адамзат тарихының төмен форма-
лардан жоғары формаларға ілгері даму идеясын, «адамгершілік» 
ұғымын, дамудың сыртқы және ішкі факторлары, материалдық 
жағдайлардың маңызы мен қызметі, бүтіннің бөліктен маңызды бо-
латыны сияқты басқа да ұғымдарды дамыту арқылы негіздеген.
Орыстың гегельшіл, шеллингшіл, фихтешіл ғалымдары герман 
трансцендентализімінің диалектикалық идеяларын зерттеп, олар-
ды ресейлік философияның дискурсына енгізген. Оның зиятты ор-
тасына антропологизм идеяларын дамытқан Л. Фейербахтың идея-
лары да кіреді, ал Н.Г. Чернышевский оларды құптайды. Ол, адам 
табиғи әлемнің, оның эволюциясының бір бөлігі және ол белгілі бір 
қоғамдық-тарихи жағдайда тіршілік етіп, өзінің «саналы эгоизміне» 
еріп, жеке және қоғамдық мүдделердің бірлігіне қол жеткізеді 
дегенді айтып, адамның екіжақты табиғатына, материя мен рухтың 
қарама-қарсылығына қарсы шығады.


172


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет