М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент



Pdf көрінісі
бет177/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

Қазақтардың рухани әлемі: 
әл-Фарабиден Абайға дейін
Қазақ ұлтын зерттегенде Уәлиханов органикалық теорияны 
қолданады, ол ұлтқа белгілі бір климаттық және географиялық 
жағдайда, белгілі бір материалдық база мен әлеуметтік негізде 
тіршілік ететін тірі жаратылыс, тірі қоғамдық ағза ретінде қарайды. 
Осыған қарап, қазақ ағартушы ғалымның өз ізденістерінің рухани 
ахуалын қоғамның белгілі бір ағза ретінде түсіндірілу идеясының 
тарихи қайталануы деп ұғынуын байқаймыз. Тіпті, ол үшін био-
логия терминдерін де пайдаланған. Қоғамды ағза ретінде түсіндіру 
философия тарихында ертеден келе жатқан дәстүр, бұл орай-
да Платон, әл-Фараби, Гоббс және т. б. атап өтуге болады, бірақ 
XIX ғасырдың екінші жартысындағы Европалық философияда ол 
жаратылыстанудың дамуы мен ғылымда ашылған жаңалықтардың 
әсерімен қолданысқа түсе бастады. 
Бұл жерде қазақ ағартушысы сол тарихи кезеңде болған қоғам 
мен қоғамдық дамудың сан алуан тұжырымдамалар арасында 
экономикалық және әлеуметтік реформалардың рөлі мен маңызын 
негіздейтіндердің саны басым екенін атап өтеді. Бұл түсінікті жайт, 
өйткені, оның пікірінше, материалдық ауқаттылық қоғам мен 
адамның қызмет етуі мен гүлденуінің негізі, оның дамуының басты 
шарты.
Буржуазиялық қоғамның теориялары мен тұжырымдамалары-
ның, олар туралы жоғарыда айтып өттік, осындай қорытындыға 
келуі заңды. Осындай тұжырымдамалық ұстанымның кейінгі да-
муы принципті түрде марксизм философиясында ары қарай да-
мытылып, өзінің шырқау биігіне ресейлік ой өрісінде жетті, ол 
«материалдық базис», «қоғамдық-экономикалық формация», 
«өндірістік қатынастар», «өндіруші күштер» сияқты ұғымдарды 
қоғам мен қоғамдық прогресс теориясының аксиомалық қағида 
дәрежесіне шығарады. Біз, Ш.Ш. Уәлихановтың бұл жайтты ескеруі-
не қарап, оның әлеуметтік-саяси салаға, қазақ халқының ауыр 
тіршілігін жөндей алатын теориялар мен теориялық ережелерге 
үнемі үздіксіз қызығушылық танытқанына куә боламыз.
Қоғамда қандай реформа маңызды және қайсысы аса қажет де-
ген мәселе Уәлиханов үшін бірден шешіліп қоймаған және оны бар-
лық халықтар мен қоғамдарға, барлық жағдайда аксиомалық түрде 
қолдануға болмайды. Ол реформалардың жүзеге асырылуы мен си-
патын белгілі бір өзгерістерді қажетсінетін нақты тарихи жағдаймен 
байланыстырып, реформаның халыққа пайдасы мен керектігін тари-
хи дамудың нақты жолы анықтайды деген пікір айтады.
«Қандай да бір өзгерісті енгізіп, кейін оны сақтап қалу үшін, – 
деп атап өтеді ағартушы, – реформаның материалдық мұқтаждыққа 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет