М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент


  Қазақ ағартушылығы дәуірі қазақ халқының руханилығының



Pdf көрінісі
бет185/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін


Қазақ ағартушылығы дәуірі қазақ халқының руханилығының
дамуы кезеңі ретінде
179 
түрде сындыру, деп жазады ол, «ең қабілетті деген ұлттың өзін апа-
тиялық түрге келтіруі мүмкін», мұндайға қай халыққа қатысты бол-
масын жол беруге болмайды 
[2, 103 б.].
Оның патша үкіметінің шовинистік саясатына қатысты нара-
зылығын білдірген кездері де аз болмады. «...Ресей халықтарын 
жасанды түрде жақындастырудың мұндай тәсілі – деп жазады 
ол, – бұған дейін ешбір тиімді нәтижеге әкелген жоқ, оның мыса-
лын татарлармен, башқұрттармен және өзге де «бұратаналармен» 
жүргізілген істің мысалынан көре аламыз... Сондықтан, орыстардың 
қазақтармен жақындасуына табиғи сипаттағы мүмкіндіктер берген 
дұрыс болмас па еді...» 
[4, 41 б.]
.
Еңбекші халықтың құқығын жақтай отырып, Алтынсарин шұ-
райлы жерлерді күшпен басып алуға бағытталған патша билігінің 
реакциялық сипатын әшкереледі. Осыған орай ол өңдеуге қолайлы 
жерлерді еңбекші халықтың болашақта отырықшы тұрмысқа көшуі 
үшін сақтау керектігін ескертіп, «қазақтар түптің түбінде өздері 
отырықшылыққа жетеді» деп атап көрсетті. Қазақ қоғамының өмір 
сүру жағдайларын, тұрмысын жақсартуға, олардың прогрессивті 
дамуына бағытталған істерінде Алтынсарин мәдениет пен білімге 
үлкен мән береді. Ол мұнан қазақтардың «рухани, экономикалық 
және саяси жақындасуының жалғыз ғана жолын» көрді. 
Оның көзқарастарындағы кейбір қайшылықтарға қарамастан 
ағартушы Қазақ даласындағы прогрессивтік-демократиялық идея-
ларды алға апарушылардың алдыңғы сапында болды. Ол қоғамның 
негізі және қозғаушы күші еңбекші халық деп санап, тек адал ең-
бектенген ел ғана болашаққа үлкен үмітпен қарайтынына сенді. 
Тәрбие берудегі еңбектің ролі проблемасына арналған танымал 
ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып Алтынсарин бұл идея-
ларды өзінің әдеби және педагогикалық қызметтерінде алға қоя 
білді және адамның ең қайырымды қасиеттері болып еңбек пен 
жомарттық танылады деп санады.
Өз халқын шексіз сүйген Ыбырай оны алдыңғы қатарлы ха-
лықтардың қатарында көргісі келді. Мәселен, патша өкіметі Орын-
бор өлкесінің әкімшілік бөлінісін таратуды көздеген кезде Ыбырай 
Алтынсарин «Оренбургский листоктың» редакциясына мақала 
жіберіп, ол «Торғай болысы даласынан» деген атпен басылып 
шықты. Бұл мақаласында Ыбырай Торғай облысының қоғамдық 
құрылысы мен экономикалық ахуалына сипаттама беріп, былай 
деп жазады: «Айтылған мәселелерді қорыта келіп, Торғай болысы-
ның қырғыздарының 
(қазақтарының – А.Т.) 
жақын уақытта жұт пен 
аштықтың залалды әсерін басынан өткергендігін және бұл апаттың 


180


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет