Байланысты: Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін
4 Қазақ ағартушылығы дәуірі қазақ халқының руханилығының дамуы кезеңі ретінде 177
аянбай еңбек еткен ағартушы-демократ Ы. Алтынсариннің есімі
Қазақстандағы қоғамдық ой-пікірдің даму тарихында ерекше орын
алады.
Ыбырай Алтынсарин 1841 жылдың 20 қазанында Қостанай
облысының Аманқарағай (қазіргі Затобол) болысында, ауқатты от-
басында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылып, атасы Балғожа
би Жаңбыршиннің қолында тәрбиеленген. Оның атасы Орынбор
шекаралық комиссиясының қызметінде болып, билік топтарының
арасында үлкен беделді иеленген. Ыбырайдың кәсіби көзқарастары
ХІХ ғасырдың 60–70 жылдары Ресейде кеңінен таралған қоғамдық-
ағартушылық қозғалыс ықпалында қалыптасты. Дәл осы кезеңде
Ресей Империясында жаңа оқу орындары ашылып, білім беру сала-
сында жаңашыл дидактикалық бағыттар дамытыла бастаған еді.
Ы. Алтынсариннің еңбектерін заман талабына сай терең зерде-
леп, олардың мазмұнын жан-жақты ашу оңайға түспесі анық. Ол үшін
Ы. Алтынсариннің көзқарастарын заманның қоғамдық болмысы-
ның қарама-қайшылықтарымен қоса қарастырып, педагогтың бай
мұрасын өткеннің прогрессивті қозғалыстарымен, сол ғасырдағы
қазақ халқының қажеттіліктерімен, мұң-мұқтаждықтарымен терең
идеялық сабақтастықта алып зерттеуіміз қажет.
Ыбырайдың дүниетанымы халық ауыз әдебиетінің, озық үл-
гідегі орыс мәдениетінің, европалық ойшылдардың еңбектерінің
ықпалымен қалыптасты. Ыбырай арнаулы философиялық тақы-
рыптарға еңбектер жазбағанымен, оның ағарту ісіне арналған шы-
ғармаларында жазушының өзіндік ерекшелігі бар дүниені түйсінуін
байқауға болады.
Ыбырай Алтынсарин ағартушылық идеясын бар күш-жігерімен
қолдады. Ол қазақтың ірі ағартушысы ғана емес, жаңашыл-педагог,
жаңа мектептерді ұйымдастыру ісінің көшбасшысы, сондай-ақ, эт-
нограф, фольклортанушы, ақын, жазушы және орыс классиктерінің
шығармаларының аудармашысы ретінде де танымалдыққа ие бол-
ды. Ыбырай Қазақстандағы халықтық білім берудің идеяларын жа-
риялап, Қазақ даласында мектептер ұйымдастыру жүйесін жасап
шығарып, оны іс жүзінде пайдалана білді. Қазақ халқын Европаның
озық мәдениетіне жақындастыру ісіндегі батыл да, шешімді қадам да
оның есімінен басталады [1, 25 б.].
Алтынсариннің қоғамдық-саяси көзқарастарына шын мәнінде
терең демократияшылдық пен өз халқының мүдделерін қорғау тән.
Өзінің патша өкіметінің отаршыл-әкімшілік реформасына деген
наразылығын ол «Қырғыздардың бақытсыздығы»
(«Несчастье кириги- зов») мақаласында білдіреді. «Нағыз реформа қандай болуы керек?»